«Taza Alem» экологиялық акциясы аясында Бадам су қоймасында тазалық жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 20-08-2025 13

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, аумақты қоқыстан тазартуға үлес қосты. 

Screenshot_60.jpg

Жалпы акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Мұндай бастамалар қоғамның ортақ игілігіне бағытталған маңызды қадам болып табылады. 

Сонымен кешегі күні Шымкент қаласында табиғатты қорғауға бағытталған кең ауқымды «Taza Alem» экологиялық акциясы  қала маңындағы маңызды су көздерінің бірі — Бадам су қоймасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру. Акцияға Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, еріктілер қозғалысының мүшелері және коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсене қатысты. Жалпы саны 500-ге жуық ерікті жас табиғатты таза ұстауға өз үлесін қосты. Тазалық жұмыстарына 7 арнайы техника тартылып, су қоймасының жағалауындағы пластик, шыны және басқа да тұрмыстық қалдықтар іріктеліп жиналды.

Іс-шара нәтижесінде жалпы салмағы 7 тоннаға жуық әртүрлі қалдық арнайы полигондарға шығарылды. Бұл – бір күннің аясында жасалған үлкен еңбек. Акция барысында қатысушылар тек тазалық жұмыстарын ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілік жайында да пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Taza Alem» жобасы уақытша акция ғана емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс экологиялық қозғалысқа айналуы қажет. Табиғатты қорғау мен оны таза ұстау – әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі басты ұстаным болуы тиіс. Жасыл табиғатты сақтау – келер ұрпаққа аманат. Бұл іс-шара жастарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, экологиялық сауаттылықты арттыруға және қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадам болды.

«Жалпы, қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын жылы қабылдап, белсенді қолдау көрсетуде. Мұндай сенбіліктер қаланың көріктенуіне, қоршаған ортаның жақсаруына және ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге зор үлес қосады. Сонымен бірге қала тұрғындарының мәдениеті, көз қарасы, ұлттық құндылықтарымызға деген жанашырлығы артып келеді. Соның ішінде тазалық – мәдениеттіліктің, ұқыптылықтың белгісі. Қоршаған ортаға құрмет өз үйіміздің ауласынан басталады. Бүгінгі сенбілік – табиғатқа жанашырлық танытудың бір көрінісі болды» дейді акция қатысушылары. 

Бүгінгі іс-шара — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Бұл бастама қала тұрғындарын, әсіресе жастарды табиғатқа жанашыр болуға, оның болашағы үшін жауапкершілік алуға үндейді.

Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстан – меритократиядан басталады
Мәдениет және ақпарат министрі Шымкент қаласының зиялы қауымымен жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу