Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Oinet.kz 20-08-2025 9

Ұлттық дәстүр мен өнегені, елдік рух пен татулықты насихаттау – бүгінгі буынның да, ақсақалдар алқасының да басты міндеті. 

Screenshot_47.jpg

Қазір де ел ісінде ақсақалдардың үлес салмағы басым. Тәуелсіздіктен соң қоғамдық институттар қалыптасты. Солардың бірі – ақсақалдар кеңесі және бұл кеңес түрлі деңгейде нәтиежелі жұмыс істеп келеді. Десе де заманның өзгеруіне, қоғамның дамуына қарай жұмыс жүйесі де жаңаланып, жанданып отыруы тиіс. Осы ретте Шымкент қаласында қала әкімдігі жанынан қалалық Қазақстан халқы Ассам¬блея¬сының ақсақалдар кеңесі құ¬рылып, жұмыс істеп келеді. Кеңес құ¬рамында жергілікті қоғам¬дас¬тық¬тың ақсақалдары, этномәдени бірлес¬тік¬¬тердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді, белсенді өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары және аймағымызға белгілі зиялылар бар.

Кеше Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда елдік мүдде мен ұлттық бірліктің маңыздылығы сөз болды. Ол жиынға қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев төрағалық етті. Жиынға қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, спорт федерацияларының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Қоғамдық келісім» қызметкерлері қатысты. 

Жиында ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, этносаралық келісімді сақтау сынды өзекті мәселелер сөз болды. Сондай-ақ еліміздің басты заңы – Конституцияның 30 жылдығы да ардагерлердің назарынан тыс қалмады. Ақсақалдар Ата заңымыздың тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет дамуы мен қоғам тұтастығын сақтаудағы рөлін ерекше бағалап, оны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.

Басқосуда білім саласының ардагері Нышан Байғұтов жас ұрпақты адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеудің жолдарын атап өтіп, мемлекетшіл, жауапкершілігі жоғары буын қалыптастыруда ақсақалдардың рөлін айрықша атады. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов Президентіміздің «Адал азамат» жобасының мәніне тоқталып, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік кемелдікті арттырудың маңызын жеткізді. «Президент айтқандай, «Адал азамат» – бұл ең үздік қасиеттерге ие, адал еңбек етіп, табысқа жетіп, адалдық пен әділеттілікті бәрінен жоғары қоятын тұлға». Ақсақалдар кеңесінің қызметі аясында әрбір азаматтың санасына осы құндылықтарды тыңғылықты жеткізу біздің ең басты міндетіміз», – деді ол.

Ақсақалдар назарынан ұлттық ойындарды жаңғырту мәселесі де тыс қалған жоқ. Қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті А.Толықбаев бұл ойынның жастардың зияткерлік дамуы мен шыдамдылығын арттырудағы орнын айта отырып, Ақсақалдар кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Отырыста қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұсынысымен Арипджан Халназаров кеңестің жаңа мүшесі ретінде қабылданды. 

Кеңес төрағасы «Қазақ қоғамында ақсақалдар – даналық пен әділдіктің символы. Олар бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, ел арасындағы мәселелерді шешуде әділ төрелігін айтқан. Бүгін де сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз жастарға дұрыс жол сілтеп, ұлттық құндылықтарды, әділеттілікті санасына сіңіруге септігін тигізе алады. Бұл орайда, аса маңызды міндетіміз – адал азаматтарды тәрбиелеу», - деп атап өтіп, жиынды қорытындылады. 

«Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпазы республикалық кезеңге жолдама алды
Әжелер мектебі – ұлттық құндылықтың көзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу