Ұлтжандылық отанға деген сүйіспеншіліктен басталады

Oinet.kz 19-08-2025 6

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтжандылыққа, патриоттыққа, елжандылыққа үндейтін кездесу өтті. 

Screenshot_44.jpg

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлованың айтуынша, бұл кездесу Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Мерейлі 30 күн» жобасы аясында ұйымдастырылған. Сонымен «Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбын арқау еткен іс-шарада жас буынның бойына Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғам өміріне белсенді қатысуға ынталандыру көзделген. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен сенім артады. Ел еріктілерімен болған кездесуде Президентіміз «Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті ¬борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Бүгінгі ¬жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәр¬тебесі. Ұрпағын аялай білген халық ір¬гелі жұртқа айналатыны белгілі. Біз хал¬қы¬мызды әлемге танытқан ең асыл қасиет¬терді сіздердің бойларыңыздан көргі¬міз келеді» депп сенім артқан еді. Бүгінгі жастар Президент сенімінен шығып келеді. «Мерейлі 30 күн» жобасы аясында өткен іс-шаралардан байқауға болады, біздің жастарымыздың Отаншылдығы, елжандылығы жоғары денгейде. Бұл бізді, расында – қуантады, – дейді басқарма басшысы.

Кездесу барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Жиында Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер-Аманат» кеңесінің төрайымы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі, «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау» кеңесінің төраға орынбасары, Іскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлайым Аскерқызы жастарға тағылымды әңгіме айтып, оларды ұлтжандылыққа, ел патриоты болуға үндеді. 

– Патриотизм – ұран емес, өмірлік ұстаным. Отанды сүю – оны қорғаудан, дамытуға үлес қосудан және айналаңдағы адамдарға мейірім мен қамқорлық танытудан басталады. Әрқайсымыз туған жеріміздің гүлденуіне жауаптымыз. Жастар – ел ертеңі ғана емес, бүгінгі күннің қозғаушы күші. Сондықтан сіздердің әр бастамаңыз, әр еңбегіңіз – болашағымыздың кепілі, – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Жалпы жастарды Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулу, олардың бойына ұлтжандылықты сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы сезімін, көзқарасын қалыптастырады. Сондай-ақ, жас өскіндерді ел игілігі үшін жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Жиын барысында жастар өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі спикерден нақты кеңестер алды. Шара соңында қатысушылар патриотизмнің тек әскери борышпен шектелмейтініне, оның ең бастысы – ел дамуына адал қызмет ету мен қоғамда өз орнын таба білуде екенін түйді.

Қазақ киіз үйдің құрылымы тұнып тұрған математика
Ұлттығымыздың басты міндеті – бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды сақтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу