Қазақ киіз үйдің құрылымы тұнып тұрған математика
Салт-дәстүр орталықтың негізгі мақсаты – қазақтың байырғы салт-дәстүрлері бойынша іздену және ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту.
Орталық басшысы «кез келген дәстүрді насихаттау үшін оны алдымен зерттеп алу керек» дейді. Қазіргі күні орталық қызметкерлері қазақтың негізгі күн көрісіне қатысы бар дүниенің барлығына көңіл бөліп, тарихына терең мән беріп, зерттеу жүргізіп келеді. Соның бірі – киіз үй құрылымы.
– Қазақ киізүйінің құрылымы тұнып тұрған математика. Біздің орталық қызметкерлері математиктермен осы бойынша талдау жасап, ел ғалымдарының жобаларына сүйеніп, зерттеу жүргізген еді. Жалпы есеп баланың интелектуалды қабілеттерін дамытады. Атап айтсақ, жалпылау, талдау, заңдылықтарды анықтау, логикалық тұрғыда ойлау және негіздеу, тез ойлану және шешім қабылдау, алдын-ала жоспарлау және абтракты ойлау қабілеттерін арттырады. Жоғарыда айтылған қабілеттердің дамуы үшін математикалық әдіс қолданатын дәлдігі, тәртібі және логикасы басым болатын білімнің барлық салаларын айтып отырмын. Интелектуалды қабілеттерді дамыту үшін қиын есептер жинағын алып шығару міндетті емес, математикалық әдістер қолданылатын логикалық сөз жұмбақтарды шешіп, интелектуалды ойындарды ойнауға болады. Математиканың тағы бір құдіреті – онымен шұғылданған адамның бойында осы айырықша қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Математика адамды ой еңбегіне тәрбиелейді, - дейді орталық басшысы.
Сонымен қатар есептердің шешімін таба отырып – баланың ойлау жүйесінің дамуына ықпал етіп, өмірдің кез келген жағдайында дұрыс шешім таба алуға тәрбиелейді.
Мәселен, киіз үйдің құрылымы да тұнып тұрған математика. Математикалық тұрғысынан қарағанда киіз үй негізі 3 бөліктен тұрады. Уықтары параболаның бір бөлігі. Шаңырағы, табаны шеңберлер. Цилиндр орнықты фигура болғандықтан киіз үйдің пішіні соған сәйкестендіріліп жасалған. Киіз үйдің есігі тік төртбұрыш. Кереге арасы ромб. Киіз үйдің шаңырағынан дәл ортасынан табанына түсірілген биіктігі едендегі шеңбердің центрімен дәл келеді де, симметрия осін береді.
Бүкіл жан-жануарлардың баспаналары дөңгелек, сфера пішінді болатындығы белгілі. Мысалы, аю, қасқыр апандары дөңгелек үңгір етіп жасалады. Апанның ауыздары оңтүстік—шығысқа қарап қазылады. Торғайдың, құстардың ұясы да сфера пішінді болады. Міне, қазақтың киіз үйі де, осындай заңдылық бойынша жасалған. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де, уық арқылы күмбезге айналып кетеді. Киіз үйдің негізгі өлшемдері ерекше пропорциялы болып келеді. Киіз үй пішінінің айналу беттерін, яғни, дөңгелек болуы бұрыштардың болмауы киіз үйдің көркемдігін арттыра түседі. Ендеше, бұрышы жоқ киіз үйдің ішіндегі ауа тұрақты түрде алмасып отырады. Киіз үйді ойлап шығарудың өзі ақиқат ғылымға негізделген. Міне, даналық!