Ұлттық асық ату ойыны – мергендікке баулиды

Oinet.kz 19-08-2025 7

Шымкент қалалық мәдениет басқармасына қарасты салт-дәстүр орталығы білім мекемелерімен бірлесе отырып «Ұлтымыздың ұлттық ойыны – тәлім-тәрбиенің көзі» атты іс-шара өткізілді. 

Screenshot_42.jpg

Орталық директоры Бахтияр Спановтың айтуынша, іс-шараның мақсаты оқушылардың рухани- адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ұлттық мұраны сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу.

– Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау уақыт талабы. Осы ретте орталықта ұйымдастырылған іс-шараға жазғы каникульда жүрген біртоп оқуш белсене қатысты. Оларға  ұлттық ойын үлгілері таныстырылып, насихатталды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі саналған «Асық ату» ойынына оқушылар қызыға қатысты. Ұлдар арасында «Бес табан», «Бес асық» ойындары ойналып, қатысушылардың алғырлығы, мергендігі сынға түсті. Ойын қорытындысында, ұлттық ойындар арқылы балалардың, ептілік, дәлдік, тапқырлық пен байсалдылық қабілеттері дами түсті. Одан балалардың танымы кеңейе түскені анық, – дейді ол.

Балалық шақта сірә асық ойнамаған бала жоқ шығар. Әлі де асық көрсек қолға алып иіріп-шиіріп, шертіп жіберуге әзір тұрамыз. Асық – қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Жалпы халқымыздың ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындарының ішіндегі ертеден келе жатқан ойындардың бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асық ойынын еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.

Халқымыз «Қой асығы демей-ақ, қолыңа түссе сақа тұт», «Асығың алшысынан түссін» деп мақалдап сөйлеуінде асық ойынының қазақ мәдениетіндегі өзіндік орнын байқатады. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. 

Іс-шара барысында орталық қызметкерлері оқушыларға асықтың түрлері, «Асық ату» ойыны туралы кеңінен таныстырды. «Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдарына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады», – дейді орталық директоры.

Ойын қорытындысында, мергендігімен танылған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. 

Дін мен ұлттық дәстүр – егіз ұғым
Қазақ киіз үйдің құрылымы тұнып тұрған математика
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу