Түркістанда машина жасалады
Түрленіп, мәртебесі асқақтай түскен көне шаһар Түркістанның бүгінде кәсіпкерлік өрісі кеңейіп келеді. Қала халқы артқан сайын мұнда өз бизнесін ашып, елге пайдасын тигізіп отырған жандар жетерлік.
Салаға жауапты мамандардың дерегінше жалпы қалада 39 кәсіпорын жұмыс атқарады. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру саласында жеті кәсіпорын, тоқыма бұйымдарын өндіруде екі, киім өндіруде төрт, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде екі, өзгеде металл емес минералдық өнімдерін өндіруде тоғыз, машина жасауда төрт , жиһаз жасауда алты кәсіпорын жұмыс атқаруда.
Соның ішінде қалада машина жасау өндірісі қанат жайып келеді. Машина жасау саласында «Түркістан насос» ЖШС-нің кәсіпорны 2019 жылы шығаратын өнімін 64,6 млн.теңгеге жеткізіп, 100 пайыз іске асырған. Қаңтар – сәуір аралығында 22,2 млн.теңге 128,9 пайызға артық орындалған. 2018 жылы «Розметов У» компаниясының автокөліктерге арналған фильтр өндірісі іске қосылуына байланысты машина жасау саласындағы жеке сектор есебінен өнім көлемі 2019 жылы 51,2 пайызға артыпты.