Түркістанда «Адамзаттың алыбы - ақын Абай» іс-шарасы өтті

Oinet.kz 09-08-2019 1029

Screenshot_21.jpg

Туризмді дамытуда әдеби-рухани әдіс-тәсілдерді пайдаланған зор нәтиже береді.Шекспирді тани отырып, біз Англия елінің салт-дәстүрі, мәдениетімен сусындаймыз. Шекспирді жиі оқи отырып Англияға сапар шеккіміз келетіні анық. ҚР Президенті Тоқаевтың бастамасымен елімізде Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы қызу жүріп жатыр. Түптеп келгенде мұның бәрі елдің туризмін дамыту үшін жасалып жатқан акция десек болады.Нәтижесі жаман емес. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтан қабылдаған челленджді қытайлық үздік кәсіпкер Джек Ма Абай Құнанбаевтың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін қытай тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жолдады. Осылайша, бұл челлендж көптеген танымал тұлғалар, билік өкілдері, эстрада жұлдыздары, кәсіпкерлер және жастар арасында  орындалды. Жалпы, әлем таныған Джек Маның Абай өлеңдерін оқуы - бүкіл әлем елдерінің Қазақстанға қызығушылық танытуына зор себепкер болды

Бұл шарадан Түркістандағы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі де құр қалмады. Музейдің ұйымдастырумен "Адамзаттың алыбы - ақын Абай "атты фото көрме және мәдени іс-шара өтті.

Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына  орай өткен шара Түркістан қаласындағы  "Балауса" лагерінде ұйымдастырылды.

Screenshot_22.jpg

Бүлдіршіндер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған суреттері мен кітаптарынан жасақталған көрмені тамашалады.

Жиынға қатысқан балалар Құнанбай мен бала Абайдың өмірінен көрініс көрсетіп, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Бұл іс-шара балалардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, туған жердің топырағын қастерлеуге шақырды. 

Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді
Т.Ахметов, кәсіпкер: «Кәсіп ашудан қорықпау керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу