Шымкент қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі халықпен кездесті
Шымкент қаласында әкімдер халық алдында есеп беруде. Кеше Шымкент қаласына жұмыспен келген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Темур Қарағойшин қала тұрғындарымен кездесіп, есеп берді.
Жиында тұрғындар қаламызда соңғы жылдары беріліп жатқан арендалық тұрғын үйлердің сапасы, абаттандырылуы және баспана кезегінің мәселесін көтерді.
Тұрғындар өткен жылы Тұран-2 шағынауданында пайдалануға берілген көпқабатты үйдің мәселесін көтерген. Құрылысты жүргізген мердігер «АҚ ордасы» коорпарациясы тұрғын үй сапасына қатысты тұрғындардың қайта түзетіп беру талабын орындамай келген екен. Вице-министр құрылыста жіберілген олқылықтар түзетілмесе, мердігерге шара көріліп, тұрғын үйді үлестіру бойынша заңға өзгеріс енгізілді. Яғни, бұдан кейін жергілікті әкімдік құрылыс компанияларына тапсырыс бермей, нарықтан пәтер сатып алады. Біздің министрлік нарықтағы 60 шаршы метр пәтердің бағасына сараптама жасап, 15 миллион теңге деп бекітті. Нарық болғасын басқа өңірде бұл 20 миллион теңге болуы да мүмкін. Бұл үшін арнайы мемлекеттік қор ашылды. Қордың негізгі міндеті – әр пәтерге 15 миллион қаржы бөліп, қалған бөлігін жергілікті әкімдік өтеп береді. Бұрын бір пәтердің құрылысына жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге бөлінсе, ендігіде 5-6 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылатын болды, – деді вице-министр.
Тимур Жиенбайұлының айтуынша, мұндай өзгеріс біріншіден, осал топтағы азаматтарды сапалы баспанамен қамтыса, екінші жағы құрылыс компанияларының жауапкершілігін арттырады. Биыл Шымкент қаласында мемлекеттік қор арқылы 500 пәтер үйлестіру жоспарланып, қазірге дейін 360 пәтер сатып алыныпты.
Жылдар бойы жылжымай келген баспана кезегі бойынша да бірқатар жағымды жаңалық бар. Цифрландыру бағдарламасының көмегімен тұрғын үй кезегіндегі тізімге инвентаризация жасалып жатыр. Осының негізінде екі ай ішінде республика бойынша 10 мың адам үй кезегінен шығарылған, оның ішінде 239-ы шымкенттіктер.
– Инвентаризация – автоматтандырылған жүйе арқылы кезекке тұрған әр азаматтың құжатына сараптама жасалады.