Шымкент қаласында газ құбырлары жаңартылуда

Oinet.kz 21-09-2023 247

Шымкент қаласында газ тарту жұмыстары жалғасуда. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Айбектің айтуынша, инвестициялық бағдарламаның төртінші кезеңінде 76,712 шақырым газ құбырларын қайта жаңарту көзделген.

Screenshot_2.jpg

Оның ішінде 30,389 шақырымы жер астымен жүргізілетін полиэтилен құбыры болса, қалған 46,322 шақырымы жер үстімен жүргізілетін болат құбырлар. Бүгінде полиэтилен құбырлардың 16,041 шақырымы, ал, болат құбырдың 27,139 шақырымы жүргізілген. Сонымен қатар газ қысымын төмендетуге арналған 167 газ реттеу пункттері орнатылуда екен. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі бірқатар шараларды қолға алған еді. соның ішінде газ құбырын тарту жұмыстары. Мәселен, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамыына тиесілі 898,9 шақырым табиғи газ құбыры жаңғырту үшін 28,2 миллиард теңге қажет екені анықталды. Бұл Шымкент қаласындағы газ құбырларының тозу деңгейін 12 пайызға төмендетеді екен. Осыған  орай «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы «2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама» қабылдаған болатын. Биыл осы бағдарламаның төртінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр, - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Шымкент өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Айбек.

Атап өтерлігі, «2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама» аясында 4-ші кезеңге жоспарланған жұмыстар 2024 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы жалпы соммасы 4 миллиард теңгеден астам жеке инвестициясын бағыттап отыр. 

Шымкент қаласында 2 мың жас «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында жұмысқа орналасты
Шымкент қаласында үш мың кәсіпкерге қолдау ұлттық жоба аясында көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу