Шымкент қаласының тұрғындары бір жылда 500 мын тонна азық-түлік тұқымын тұтынады

Oinet.kz 11-09-2023 339

Шымкент қаласында азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар көлемі жылсанап артып келеді. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыровтың айтуынша, шаһардың халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады екен. 

Screenshot_13.jpg

- Бүгінгі таңда қала тұрғындарын қамтып отырған азық-түлік тауарларының қатары артуда. Мәселен, шаһарда орналасқан өндіріс ошақтары  халықты ұн, нан, күнбағыс майы және тауық  жұмыртқасымен 100 пайыз қамтып отыр. Ал сиыр еті бойынша қала өзін 34 пайыз қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады, ал тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 20 пайызды құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласынан жеткізілуде. Сүт өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40-50 пайызды құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалдануда, - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, көкөністер, оның ішінде картоп өзіміздің Павлодар облысынан, қалған бөлігі, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясынан, ал пияз Жамбыл облысы мен Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысытарымен қатар Ресейден, ал қырыққабат Түркістан облысы мен Өзбекстаннан жеткізіледі екен. Бакалея өнімдері бойынша қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей федерациясынан, күріш Қызылорда облысы, құмшекер Жамбыл облысы, Ресей федерациясы және ас тұзы Қызылорда облыстарының өндірушілеріне тікелей тасымалдануда. «Аталған өнімдерді «Каис Инвест», «Ас-Ан», «Meir-Trade Dirstibution Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен жеке кәсіпкер «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер секілді дистрибьютерлік желілер қамтамасыз етіп отыр» дейді Абунасыр Жанбатыров.

Шымкент қаласында биыл егіс алқаптарынан 79,6 мың тонна өнім жинау жоспарлануда
Шымкент қаласында бір жылда 300 азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу