Шымкент қаласында көше тазалығымен қатар иррегация жүйелері жаңғыртылуда
Шымкент қаласында көше тазалығы мен ирригациялар жүйесінің маңыздылығына басымдық берілуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, қалаға қарасты Абай ауданы аумағында қалалық маңызы бар 9 көше орналасқан. Қазіргі уақытта аталған әр көшеде тәулігіне шамамен10 мыңнан астам көлік қатынауда.
Соның бірі жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі. Аталған көше Түркістан бағытына қатынайтын негізгі көшелердің біріне айналып отыр.
- Күнделікті он мыңдаған көлік қатынайтын көшенің санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, арнайы мекемелер мен мердігер мекемелердің жұмысшылары жұмылдырылды. Санитарлық тазалау жұмыстары барысында жол жиектері мен ирригациялық жүйелер тазаланып, шөп ору және ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңсыз жарнамалар ретке келтіріліп, ретсіз сауда орындары жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Темірлан тас жолы бойында жалғасын тапты. Аталған жұмыстар тиісті мекемелердің бақылауына алынып, дер кезінде қадағалануда, - дейді қала әкімі.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілген.
- Қаладағы көше тазалығымен қатар иррегациялар жүйесін жаңғырту бірқатар көшелерде жалғасын табуда. Атап айтсақ, олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі. Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған, - дейді қала әкімі.