Шымкент қаласында қалдық су жиналатын алты орынның мәселесі ирригация жүйесін салу арқылы шешілді

Oinet.kz 30-08-2023 128

Шымкент қаласында ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі таңда қала аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапқан. 

Screenshot_33.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында су ресурстарына қатысты біраз мәселені айтты. Соның ішінде ирригация жүйелерін жаңғырту мәселесі де бар. Биыл қала аумағында ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың азайғаны байқалды. Дегенмен, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі қыруар. Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары үнемі біздің назарымызда болады, - деді қала әкімі. 

Қала әкімі бұл мәселені өз аппаратында да бірнеше рет талқылап, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан осы бағытта атқарылған жұмыстар барысын пысықтап, алдағы жоспарларын да бекітіп алғанын жақсы білеміз. 

Иррегациялар жүйесін салып жатқан мердігер мекемелердің жауынды-шашынды мезгілдерге дайындығы тиісті басқарманың жіті қадағалауында. Су жиналатын аумақтарға 100-ден аса жұмысшы, 50-ден аса арнайы техника мен 16 мотопомпа  жұмылдырылады.  Қазіргі таңда су басу қаупі бар орындар бақылауда. 

Ирригациялар жүйесін аралау барысында оған жауаптыларға бір ай ішінде қаладағы қауіпті нүктелерді назарға алып, ирригацияны ретке келтіруде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ  Арғынбеков, Бәйтереков көшелерінденгі су жиналатын аумаққа қақпақшалар орнатуға 5 күн мерзім бекітті. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және жол бойында кептелістерді болдырмау мақсатында  су тартатын арнайы техникаларды барынша аз пайдаланып, ирригациялық жүйелер орнатуда тиімді шешімдер қабылдауды ескертті. Бұл ретте мердігерлерді арық-атыздар жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтауға шақырды. Сонымен қатар магистраль көшелер бойындағы су жиналатын орындарға қатысты тиісті шараларды жедел атқаруды тапсырған болатын.   

Шымкент қаласында «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығы үйі ашылды
Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін кәсібін ашқандар көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу