Шымкент қаласындағы жаңақұрылыс аумақтарына инженерлік-инфрақұрылым жүйесі тартылуда

Oinet.kz 26-08-2023 238

Шымкент қаласында инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Шымкентте жылдан жылға халық саны көбейіп, шағын аудандар аумағынан жаңақұрылыс алаңдары ашылып, ол жерге инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін тарту жұмыстары қолға алынған екен.

Screenshot_20.jpg

Бұл бағытта 2022-2023 жылдарға арналған жоспар түзіліп,  қазіргі таңда 9 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірленуде.

- Өткен жылы қала бюджетінен 58 миллион теңге бөлініп, оған бір нысанда, яғни, Сайрам шағын ауданында үш кезек негізінде ауыз су тарту құрылысы жүргізілді. Биыл 7 нысанда, атап айтқанда Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына электр мен газ, Гидрогеолог шағынауданына ауыз су, электр және табиғи газ, Жұлдыз бен Жалын елді мекені, Қаратөбе, Қарабастау, Еламан және Тәуелсіздікке 20 жыл шағын аудандарының жаңақұрылыс аумақтарына табиғи газ құрылысына 191,5 миллион теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде, - дейді қала әкімі.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, шағын ауданның негізгі бөлігі бола ма, жаңа құрылыс аумағы бола ма, барлығына да кезең-кезеңімен инфрақұрылым желілері жеткізілуде. Бұл мәселе билік назарында. 

Ал, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековтың айтуынша, бүгінде бірнеше бағытта электр желісін тарту жүмыстары жүргізілуде екен.

– «Қызылсу» 220/110/10 киловаттық электр тарату станция құрылысын аяқтауға тағы 131,3 миллион теңге керек. Сондай-ақ, өткен жылы қала әкімінің елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысында берілген тапсырмасына сәйкес, инжинерлік жүйе тартылмаған 6 нысанға жобалу құжат әзірлену үстінде. Оның ішінде 4 нысан – Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарықтың жаңақұрылысының жобасы аяқталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған Ақжайық пен Таскеннің жаңақұрылысының жобасы жыл соңына дейін аяқталады, – деді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков.

Шымкент қаласында Тәжікстан республикасының ауыл шаруашылығы көрмесі өтті
Шымкент қаласында сабын шығаратын зауыт салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу