Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында 3 елдімекен таза ауыз сумен қамтылды

Oinet.kz 23-08-2023 186

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының бірнеше елді мекені таза ауыз сумен қамтылды. Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбектің айтуынша, ауданның халық шоғырланған негізгі бөлігіне инжинерлік-инфрақұрылым толық тартылған.

Screenshot_11.jpg

Ал, шағынаудандардың жаңақұрлыс аумақтарына мемлекеттік жүйедегі ауыз су, электр жарығы және табиғи газ тарту үшін сметалық-жобалық құжаты жасалып, бүгінде кезең-кезеңімен құрлысы жұмыстары жүргізілуде екен. 

Жалпы Еңбекші ауданында таза ауыз сумен қамту көрсеткіші  94,5 пайыз, электр 98,3, табиғи газбен 90,7, кәріз жүйесімен 41, асфальт жолмен қамту 74 пайызға жеткен.

– Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту үшін өткен жылы 6 елді мекенде, атап айтқанда Қарабастау, Қаратөбе, Тоғыс, Жұлдыз, Жыланбұзған және Айнатас шағынаудандарында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгінге дейін Қарабастау, Жұлдыз бен Тоғыста құрылыс жұмыстары аяқталып, қазір құбырларды дизенфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қалған үш елді мекендегі жұмыстар осы жылдың соңында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде ауданның тұрғындарға таза ауыз су жеткізу көрсеткіші 97 пайызға жетеді. Ал, электр жүйесінің жеткізілуі 98,3 пайызды құрап отыр. Жекеменшік трансформатордан жарық алатын Исфиджаб пен Қарабастаудың жаңақұрылысына электр тарту үшін жобалық-сметалық құжаты әзірлену үстінде, – деді Досбол Күздікбайұлы. 

Ал Қаратөбе елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарын «Cарағаш-Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Ондағы ауыз судың құрылыс жұмыстары 72 пайызға аяқтап, ұзындығы 50 километрді құрайтын су құбырын жүргізген. Нысанның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында тапсырылады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласына қарасты 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр.

Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайыздан 100 пайызға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар – Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Ал Еңбекші ауданында 2025 жылы табиғи газ мәселесі толығымен шешіледі. Биыл Жұлдыз, Жалын, Қарабастау, Оңтүстік және Қаратөбе елді мекендеріне жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін сараптаманың оң қорытындысы шыққан. 2024 жылы осы бес елді мекенде газ жүйесін тарту құрылысы жүргізіледі. 2025 жылы 7 елд мекеннің жаңақұрылыс аумағына  табиғи газ құбыры тартылып, нәтижесінде қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек. 

Сонымен қатар аудан әкімінің айтынша,  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бүгінгі күні ауданда 283 көпқабатты үй 132 аулаға біріктірілген. Биыл жоба аясында 35 үйдің ауласын абаттандырып, балалар ойын алаңшасын салу жұмысы жоспарланып отыр екен. 

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 400 бос жұмыс орны ұсынылды
Шымкент қаласында «3-энергоорталық» қысқы маусымға дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу