Шымкент қаласында «Жайлы мектептер» құрылысына отандық құрылыс материалдары пайдаланылады

Oinet.kz 21-08-2023 318

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептер салынуда. Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Сәбира Адамбекованың айтуынша, биыл қала аумағында 17300 орындық 12 мектептің құрылысы басталған. 

Screenshot_5.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылдан бастап елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда қаламызда осы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 17300 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда, - дейді ол.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы құрылыста отандық өнімдерді қолдануды басты назарға алуды тапсырған болатын. Осыған орай, кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іс атқарып жатқан тапсырыс берушілер мен бас мердігерлер, дизайнерлердің отандық тауар өндірушілермен кездесуі өтті. Жиынға қалалық құрылыс және білім бөлімінің басшылары да қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

– Бүгінгі таңда мердігер мекемелер анықталып, келесі жылы пайдалануға берілетін мектептердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, 2024 жылы үшінші мегаполисте 10700 орындық 6 мектептің құрылысы басталмақ. Қазіргі уақытта бас мердігер компаниялар «Ақ ордасы», «Арт құрылыс», «Оңтүстік құрылыс», «Отау строй» құрылыс компаниялары анықталды. Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында Президент тапсырмасына орай отандық құрылыс материалдары, жабдықтар мен жиһаздар сатып алынады. Әлеуетті жеткізушілерге жоғары талаптар қойылады, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ «СТ-KZ» тауардың шығу тегі мен сертификатының болуы маңызды. Әлбетте сапалы өнім өндірушілер Шымкентте көп деп ойлаймын. Бұл кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті арттырып, сапаны жақсартуға кепіл деп білемін, – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Сәбира Адамбекова.

Шымкент қаласында жылу мен жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды
Шымкент қаласында жол қауіпсіздігі басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу