Шымкент қаласында жылу мен жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

Oinet.kz 21-08-2023 285

Шымкент қаласында алдағы жылу мен жаңа оқу жылына дайындық кешеден бері басталып кетті. Қазір жаз мезгілінің соңғы айы. Шымкентте жылу маусымына дайындық жұмыстары да аяқталуға таяған.

Screenshot_4.jpg

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековтың айтуынша, жылу маусымына дейін жоспарланған жұмыстардың барлығы толығымен атқарылуда екен. 

Қалада жылу жүйелерінің ұзындығы 838,6 шақырымды құрайды. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде оның 37 пайызы тозған.  Осы тозу деңгейін төмендету үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 6,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қаражаттың 3,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен қаралып, биыл 8,8 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Ал, республикалық бюджеттен бөлінген 3,1 миллиард теңгеге 3 жоба негізінде 8,7 шақырым жылу құбыры қайта құрудан өтуде. Қысқы дайындық үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың 20 қыркүйегінде толық аяқтау жоспарланған. 

Ал қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, Шымкент қаласында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында көп жұмыстар атқарылған. Жаңа оқу жылында 28 мыңнан астам бала 1 сыныпқа қабылданыпты. Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында биыл 48 білім мекемесі жаңадан пайдалануға берілсе, оның 15-і жалпы орта білім беретін мектеп. Осылайша үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіліп, 61 мектеп бір ауысымда білім беруге көшкен. 

Аталған басқармалардың баяндамасын жұмыс барысында тыңдаған қала әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта құрып, аумақтарды дамыту, халықтың әлеуметтік мәселелерін барынша шешуге бағытталған жұмыстарды күшейту қажет екенін алға тартты. 

– Осы міндеттерді сапалы орындау үшін аудан әкімдерінің ұсынысымен әр ауданнан коммуналдық мекемелер ашылып, оларға қажетті ресурстар мен қаржы берілді. Жылу маусымына дайындық жұмыстарын да пысықтап алдық. Әкімдік жылу маусымына дайындықты қызу атқарып, мәселелерді жүйелі түрде шешуде. Қаламызда урбанизация процесі қарқынды жүруіне байланысты оқушылар саны да жылдан-жылға артуда. Білім беру ұйымдарында орын тапшылығын жою үшін биыл 15 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаламызда 2026 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салу жоспарланып отыр, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов лауазымынан босатылды
Шымкент қаласында «Жайлы мектептер» құрылысына отандық құрылыс материалдары пайдаланылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу