Шымкентте «Akfa Build» коспаниясының диллерлік орталығы ашылды

Oinet.kz 24-08-2023 391

Шымкент қаласында "Akfa Build" компаниясының диллерлік орталығы ашылды. Аталған компания 2000 жылы көршілес Өзбекстанда, Ташкент қаласында ашылған. Содан бері сапалы өнімдері арқылы әлемдік деңгейдегі ірі компанияның бірі ретінде танылып келеді. Өнімдері әлемнің 22 елінде сатылатын компанияның диллерлік орталықтары біздің Астана, Алматы қалаларында да ашылған болатын. Енді еліміздегі үшінші мегаполис, Шымкентте де бар.

Screenshot_5.jpg

Қысқасы, лифттер мен эскалаторлар, тоңазытқыштар, ауа ылғалдандырғыштар, панельдік радиаторлар, газ және электр қазандықтары, жылу оқшаулағыш материалдар іздесеңіздер кеше ғана ашылған Бәйдібек би даңғылы 116 үй, 5-блокка барыңыздар. Тиімді баға мен сапалы өнімді табасыздар. Ол туралы Өзбекстаннан келген компанияның директоры Сарвар Шукуров айтты. 

"Шымкент - шырайлы қала. Біз үшін өте ыстық шаһар. Талғамы жоғары шымкенттіктерге қызмет көрсетуге әрдайым әзірміз. Қонақжайлық танытып, ыстық ықыласпен, жылы шыраймен қарсы алған баршаңызға алғысым шексіз " - деді компания директоры. 

Қонақтан кейін сөз кезегін алған "Отау Групп" компаниясының директоры Қайрат Молдасейтов ағамыз серіктестік байланыстары үшін ризашылығын білдіріп, құттықтауын жеткізді. Екі елдің кәсіпкерлері қол алысып, орталықтың лентасын қиды. Осылайша Шымкентке тағы да бір сапалы өнім сататын орталық қосылды.

Шымкент қаласында 67 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
Шымкентте студенттерге арналған қонақ үй іспетті жатақхана ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу