Шымкент қаласында 67 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Oinet.kz 22-07-2023 201

Шымкент қаласында соңғы жылдарда мемлекеттік бағдарлама есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында осы жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. 

Screenshot_9.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие екеніне тоқталған болатын. «Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп» дейді Президент. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда қалада тұрғын үй құрылыс саласына атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кеңейіп келеді. Тұрғын үй саласы бойынша  биыл 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқтап, осы жылдың аяғына дейін беру жоспарланған. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық тұрғын үй. Сондай-ақ Тұран шағын ауданында 18 үй, Бозарық шағын ауданында 54 үй, Ақжайық шағын  ауданында 26 үй соғылуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қала әкімінің айтуынша, бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланған. 

Құрылыс саласында бұдан бөлек, Шымкент қаласы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында көп қабатты тұрғын үйлер ауласына аяқжол салу құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Отырар шағын ауданы, №3, 4, 8 шағын аудандары мен Гагарин көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй ауласында аяқ жол құрылысы жүруде. Ондағы құрылыс жұмыстарын қазан айына дейін аяқтау жоспарланған. Осылайша жоғарыда аталған шағын аудандардағы көпқабатты үйлер мен ондағы инфрақұрылым жүйелері жоспарға сәйкес жаңартылып, пайдалануға берілмек.  

Шымкент қаласында кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны артуда
Шымкентте «Akfa Build» коспаниясының диллерлік орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу