Шымкент қаласындағы М.Әуезов университетінің ғалымдары 17 ғылыми жоба ұтып алды

Oinet.kz 25-07-2023 203

Шымкент қаласында ғылым саласы да жақсы дамып келеді. М.Әуезов атындағы университеттің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызының айтуынша, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижесінде университет ғалымдары ғылымды дамытудың 7 басымдығы бойынша 12 жобаны ұтып алған.

Screenshot_15.jpg

Қаржы көлемі 844 234 054 теңгені құрайды.  

- Университет үшін бұл үлкен жетістік. Грант бойынша ұтып алған жобаларға тоқталар болсақ, атап айтсақ, қаржы көлемі 298 555 079 теңгені құрайтын 4 жоба «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша берілген. Сондай-ақ «Энергетика және машина жасау» басымдығы бойынша қаржы көлемі 78 061 506 теңгені құрайтын 1 жоба; «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша қаржы көлемі 114 958 408 теңгені құрайтын 2 жоба; «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығы бойынша қаржы көлемі 96 008 764 теңгені құрайтын 1 жоба; «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша қаржы көлемі 70 894 616 теңгені құрайтын 1 жоба; «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша қаржы көлемі 100 367 873 теңгені құрайтын 2 жоба; «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша қаржы көлемі 85 387 806 теңгені құрайтын 1 жоба.  Бүгінгі таңда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары қаржы көлемі 3 миллиард 926 миллион теңгені құрайтын ғылыми жобаларды орындауда, - дейді аталған университеттінің басшысы Дария Пернешқызы.

Шымкент қаласында бос жұмыс орнын онлайн форматта табуға болады
Шымкент қаласында 760 адамды қысқа кәсіптік курстарда оқыту жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу