Шымкент қаласында жас кәсіпкерлерге қолдау бар

Oinet.kz 29-07-2023 243

Шымкент қаласында жас кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау көп. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, өз ісін бастаушыларға бар жағдай жасалуда екен. 

Screenshot_6.jpg

- Мемлекет басшысы Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта несиеге қол жеткізген, екінші деңгейлі банктердің сүйемелдеуіне ие болған бизнес өкілдері аз емес. Біз үшін әрбір жобаның іске асырылуы маңызды. Ол біріншіден қала халқының әлаухаты мен экономикасының артуына мүмкіндік берсе, екіншіден салыққа қосымша қаржы құйылады. Біз кәсіп бастаймын, инвестиция әкелемін, жұмыс орнын ашамын деген кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді жас кәсіпкерлер қатары артып отыр, - дейді Серғазы Кәрімұлы.

Кәсібін мемлекеттік қолдаудың аясында ашып, жүргізіп келе жатқан жас кәсіпкердің бірі – Әсел Дүйсен. Ол – косметолог дәрігері. Өз кәсібін бастағанына екі жылға жуық уақыт болған кәсіпкер, бизнес жолында оны дұрыс жүргізу мен меңгеру бағытын үйренген. Әсел – бұл бағытта тоқтап қалмай, алда көп жоспарларын жүзеге асыратынын жеткізді.

- Кәсіп бастау оңай емес. Ол жолда – ешнарседен қорықпай, тәуекелге бел буа білу қажет. Сондай-ақ, тек өзіңіздің қалауыңыздағы іспен ғана айналысып, мақсатыңызға қол жеткізуге болады. Бір айтарым, бастаған ісіңді соңына дейін жеткізу менің алға қойған мақсатымның бірі. Сол жолда аянбай еңбек етіп келемін. Көптен бері ойда жүрген мәселе, жеке кәсібімді кеңейту еді, оған да қолымды мемлекеттің жастарға жасап жатқан қолдауының арқасында жеттім, - дейді Әсел Дүйсен. 

«Бүгінгі таңда қалада 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие берілуде. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені  мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады, - дейді Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы. 

Шымкент қаласында азық-түлік бағасы тұрақты
Шымкент қаласында қараусыз қалған жануарларға арналған уақытша ғимарат салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу