Шымкент қаласында азық-түлік бағасы тұрақты

Oinet.kz 30-07-2023 291

Шымкент қаласында азық-түлік бағасы бақылауға алынған. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында арнайы комиссия құрылған екен.

Screenshot_5.jpg

Құзырлы мекеме мамандарынан жасақталған комиссия жыл басынан бері  63 отырыс өткізіп, 40-тан астам құқық бұзушылық фактілерін анықтаған. 

- Қазір қаламызда ондаған әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Оның көпшілігі шағын аудандарда ашылған. Онда 19 әлеуметтік азық-түлік пен көкөніс шекті бағадан асырылған жоқ. Қарапайым халық үшін қол жетімді бағада өткерілуде. Көкөніс пен жеміс-жидек қаладағы ауыл шаруашылығы құрылымдарымен қатар қала сыртындағы шаруа қожалықтарынан төмен бағада жеткізіліп тұрады. Ал сүт өнімдері сыр зауыттарынан жеткізілсе, қарақұмық, қант пен басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар қаланың тұрақтандыру қорынан жеткізіледі. Баға қашан көтеріледі? Әрине мереке қарсаңында. Өткен Құрбан айт қарсаңында да бағаның біршама жоғарылап кеткенін көзіміз көрді. Саудагерлер пенделікпен азкүндік олжаға алданып, қара халықтың қалтасын қағуға дейін барды. Жалпы дастарқанның ажарын ашатын, көпшіліктің сұранысына ие тәтті-пәтті, өрік-мейіздің де бағасы шарықтап кетті. Дегенмен бүгінде барлық баға тұрақтанып, әлеуметтік дүкендер желісі қалыпты жұмыс істеуде, - дейді қала әкімі. 

Тарихтан білеміз, Пайғамбарымыз да сауда жасаған кісі. Құранның Әнғам сүресі, 152 аятында Пайғамбарымыз сауда жасаушыларға «өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар» деп аят түсіреді. Сондай-ақ, Рахман сүресі, 55 аятта «өлшемде әділ болыңдар, таразда жемеңдер» деп баяндайды. Жалпы Құран сүрелеріне сүйенсек алдау-арбау, бағаны жөнсіз арттыру былай тұрсын  саудагер табысын бар жоғы 10 пайыз үстеме қосып сатуына болады екен. Ал бізде ойланып көрейікші, осы талаптар орындалып жатыр ма?.. 

- Комиссия мүшелерінің де сауда нысандарын аралау кезінде жиі ұшырастыратыны бағаны негізсіз көтеру жағдайы. Олардың заң талаптарын бұзуына жол бермеу үшін тиісті шаралар атқарылуда. Дегенмен жоғарыда айтылған құқық бұзушылықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер толығымен жойылды. Кәсіпкерлік субъектілерге хронометраждық зерттеу жүргізіліп,11 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ базар және сауда желілерімен – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатуға жол бермеу, бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Айта кетейік, саудагерлердің нарықта сөз байласуына, заңсыз табыс табуына  жол берілмейді. Бүгінде комиссия мүшелері өз жұмысын  жалғастыруда, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында кәріз коллекторын қайта жаңғырту жұмыстары басталды
Шымкент қаласында жас кәсіпкерлерге қолдау бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу