Шымкент қаласындағы «Бозарық» индустриялық аймағы биыл іске қосылады
Шымкент қаласы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құрылуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновың айтуынша, қазіргі таңда 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
- Индустриялық аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 миллиард теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жасақталған. Атап айтсақ, оның ішінде жалпы құны 25,7 миллиард теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобаларының құрылыс жұмыстары бастау алды. Атап айтқанда, олар: азық-түлік, косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарының өндірісі. Оған тартылған инвестиция 456 миллион теңгені құрайды, - дейді қала әкімі.
Аталған жобалардың ішінде сүт өнімдерін өндіру жобасы да бар. Оған тартылған инвестиция 15 миллиард теңгені құрайды. Осы өндіріс ошағы іске қосылса жаңа 100 жұмыс орны ашылмақ. Ал газдалған және газдалмаған сусындар өндірісіне тартылған инвестиция 7,2 миллиард теңге болса, ашылатын жұмыс орны 300 орынды құрайды. Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісіне салынған инвестиция 1,1 миллиард теңге. Жұмыс орны 35 адамға шақталған. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісіне құйылатын инвестиция 2 миллиард тенге, ашылатын жұмыс орны 100.
Бүгінгі таңда жаңа индустриалдық аймағында 13,5 шақырымды құрайтын таза ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ондағы құрылыс жұмыстарының, атап айтқанда, таза ауыз су құбыры құрылысының 85, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының 88 пайызы орындалған. Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде. Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.