Шымкент қаласында балабақшалар да күрделі жөндеуден өткізілуде

Oinet.kz 18-08-2023 287

Шымкент қаласында талай жылдан бері жөндеу көрмеген балабақшалар заман талабынай сай жабдықталуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жаңа оқу жылы жақындаған сайын қала аумағындағы білім ошақтарының дайындығы басты назарға алынған. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақшалардың қала әкімі аралап, тексеріп те жүр.  

Screenshot_15.jpg

Соның бірі - «Қарасу» шағын ауданындағы «№99 Гүлдер бөбекжайы. Ол қаладағы ең көне білім ошақтарының бірі. 1984 жылы салынған орталыққа биыл күрделі жөндеу жүргізілуде. Екі қабатты ғимаратта 410 бүлдіршін тәрбиеленуде. Заманауи талапқа сай жабдықталатын балабақшада құрылыс 5 айға жоспарланған. 

- Жобада қаралған жұмыстардың орындалған көлемі 50 пайызды құрайды. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстарын қазан айында аяқтау көзделген. Сонымен қатар, күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының қатарында №3 бөбекжай-бақшасы да бар. Айбергенов көшесінде орналасқан орталықта тәрбиеленушілер саны 130.  Екі қабатты ғимараттың құрылысы наурыз айында басталған болатын. Жұмыстар өндірістік кестеге сай қыркүйекте аяқталып, пайдалануға беріледі.  Орындалған жұмыстардың көлемі 60 пайызды құрады, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Осыған дейінгі аралаулар кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы аталған балабақшадардың құрылысымен танысып, нысандарды жабдықтауда нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Әкім тапсырмасына сәйкес, мердігерлер тарапынан жұмыс қарқыны күшейтіліп, балалар қауіпсіздігі ескерілуде. Мұрат Дүйсенбекұлының  орталықтардың озық үлгіде жасақтау бойынша берген тапсырмалары да бүгінде орындалуда. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға сапаны бақылап, балабақшаларды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. 

Шымкентте күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды жаңа оқу жылында пайдалануға беру көзделген
Шымкент қаласында бес жылда жеті жүз адам тұрғын үй сертификатына ие болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу