Шымкент қаласында биыл 12 мектеп салу жоспарлануда

Oinet.kz 17-08-2023 203

Шымкент қаласында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп салу жоспарланған. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақұст Исаховтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 17 300 орынға арналған 12 мектеп салынбақ. 

Screenshot_13.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» дейді Президент. Жалпы жоба аясында елімізде мыңға тарта білім ошағын салу жоспарланған. Ал Шымкент қаласында биыл және алдағы жылы 37400 орындық 15 мектеп салу жоспарланған.

- Биылдан бастап Президентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда қаламызда осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің, 2024 жылы 20 400 орынға арналған 13 мектептің құрылысы басталатын болады. Президент Жолдауында бұл білім нысандарын жемқорлыққа жол берген, олардың заңсыз тапқан қаржысы есебінен салуды ұсынған. Яғни, Мемлекет басшысы «Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» деп қаржы көзін де анықтап берген еді Жолдауда, - дейді қала әкімінің орынбасары Мақұст Исахов. 

Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның біреуі жуырда пайдалануға берілді. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы  бүгінде өзінің нәтижесін беруде. Жоба аясында мектептер салынып, орын тапшылығы жойыла бастады. Оның нәтижесін Шымкент қаласының тұрғындары да көруде. 

Шымкент қаласындағы оқушылар сарайы үйірмелерге оқушылар қабылдай бастады
Шымкентте күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды жаңа оқу жылында пайдалануға беру көзделген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу