Шымкент қаласында 350 орындық емхана салынып, 250 орындық аурухана жөнделуде

Oinet.kz 14-08-2023 260

Шымкент қаласында денсаулық саласына халық саны жыл санап артып келеді. Сонымен бірге денсаулық  нысандары да көптеп салынуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, 350 келушіге арналған бір емхана салынып, бір клиникалық аурана күрделі жөндеуден өтуде екен. 

Screenshot_6.jpg

- Денсаулық – зор байлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында денсаулық саласына айрықша басымдық беріп отыр. «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» дейді Президент. Сондықтан да мегаполисте денсаулық нысандарын көптеп салуға, қолданыстағысын күрделі жөндеуден өткізуге жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен, бүгінгі таңда Ынтымақ-2 шағын ауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімесі бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы  ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жоба бойынша нысанның айналасында 5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс екен. Қала әкімі құрылыс басына барып, оның жұмысымен танысқан соң жауапты компания өкілдеріне құрылыс қарқынын күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ қаладағы емханалардың жүктемесін талапқа сай азайтып, халыққа медициналық көмек түрлерін қолжетімді ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді. 

Ал жоғарыда айтқанымыздай күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан №1 қалалық клиникалық ауруханасы уақыт талабына сай қайта жаңғыртылуда. 520 орындық емдеу мекемесінің құрылыс жұмысын қала әкімі өз бақылауына алған. Бүгінгі таңда ондағы ғимараттың К корпусының құрылыс жұмыстары аяқталып келеді.  

- Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласындағы газдандыру жұмыстары 6 нысанда жүргізілуде
Шымкент қаласындағы Темірлан тас жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қас беті жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу