Шымкент қаласында жастарға жеңілдетілген несие берілуде

Oinet.kz 05-08-2023 222

Шымкент қаласында жастарға жеңілдетілген несие берілуде.  Президент тапсырмасына сәйкес, жастарға 2,5 пайызбен несие беру бойынша комиссия отырысы өтті. Кезекті жиында 20-ға жуық үміткер комиссия өкілдері алдында бизнес-жобаларын қорғады.

Screenshot_34.jpg

Комиссияның төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаевтың айтуынша, мемлекетік қолдау 21-35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алдымызда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағытын айқындап берді. Онда қол жеткізген жетістіктеріміз бен шешілуі тиіс мәселелердің бірде-бірі ұмыт қалмаған, қоғамды толғандырып жүрген жағдайлардың барлығының жөн-жобасы айқындалып, оларды оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. Президентіміз экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз. Қазіргі жастардың басым бөлігі қызмет көрсету, жүк тасымалдау мен ауыл шаруашылығы оның ішінде ет пен сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуды көздейді. Бұл мемлекеттік бағдарлама науқаншылыққа ұласпаған дұрыс. Үміткерлер тек мемлекеттің жеңілдетілген несиесін «алып қалу керек» дегенді көздеп емес, ел ішінде шағын өнідірісті дамытып, бюджетке салық төлеп, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосуды ниеттенсе екен. Десе де, бұл бағдарламаны нақты бағыттарға бөліп, критерийлерін әлі де болса, пісіру керек, - деді комиссияның төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев. 

Шымкентте бүгінге дейін 278 жас кәсіпкердің құжаты қаралып, 129-ы комиссияның оң қорытындысын алған, 85 жас несиеге қол жеткізген. Несиеге кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қойылады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады. 

– Бүгін комиссияға мал шарушылығы бойынша өз бизнес-жобамды ұсындым. Ол үшін биыл үйімізде 81 шаршы метр қора-жай салып, жылқыға қажетті орынды әзірледік. Жоба 12 жылқыға лайықталған. Алғашында бордақылаумен айналыссақ, алдағы жылы бие байлап, саумал саууды жоспарлап отырмыз, - дейді Нұршуақ шағын ауданының тұрғыны Жанна Адиева. 

Шымкент қаласында «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесінде 4 мың жұмыс орны ұсынылды
Шымкент қаласында 72 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу