Шымкент қаласында «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесінде 4 мың жұмыс орны ұсынылды

Oinet.kz 04-08-2023 124

Шымкент қаласында жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты ұйымдастырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйымдастыруымен Тұран аудандық «Мансап» орталығында өткен кезекті «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне 35 мекеме қатысқан.

Screenshot_33.jpg

Сондай-ақ, жәрмеңкенің өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар рухы» ұйымы қолдау көрсеткен. 

– Бүгінгі таңда мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің  Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жалпы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар қалада тұрақты өткізіліп тұрады. Бүгінгі жәрмеңкеде жоғарғы оқу орындарын және колледж бітірген жастар мен NEET санатындағы жастарға бос жұмыс орындар ұсынылды. Жұмыс беруші 35 мекеме жұмыс іздеген азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен  таныстырды, – дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шара барысында білім беру, медициналық, техникалық, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі мен «Қазақстан Фридом Финанс» акционерлік қоғамы,   «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы мен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша 4  мыңнан  астам уақытша және тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша биыл 57 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 16 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі таңға 13 мыңға жуығы қамтылып отыр.

Шымкент қаласында «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесінде 4 мың жұмыс орны ұсынылды
Шымкент қаласында жастарға жеңілдетілген несие берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу