Шымкент қаласында төрт елдімекенді инфрақұрылыммен қамту үшін құжаты дайындалды

Oinet.kz 29-07-2023 214

Шымкент қаласында шаһардың инженерлік-инфрақұрылымын жақсартуға барынша көңіл бөлініп келеді. Жалпы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелер аз емес.

Screenshot_20.jpg

Солардың қатарында жиі айтылатындары – елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйелерімен қамту.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, халықпен болған кездесулерде көтерілген мәселелердің бірде-бірі бақылаусыз қалмаған. «Халықтың талап-тілектерді ескере келе, тиісті басқармаға инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағын аудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар жүктелді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, - дейді қала әкімі. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты осы және алдыңғы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту жайын назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Сонымен қатар ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажет екендігін қадап айтқан-ды. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазір таза ауызсумен қамтылған елдімекендер саны едәуір артқан, - дейді Қ.Жатқанбаев.

Соның ішінде,  4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағын аудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста  жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған. 

Құрылыс жұмыстары қолға алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешімін табады.

Шымкент қаласындағы конгрес холл ғимаратының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған
Шымкент қаласында Тұран көшелеріне шағал тас төселуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу