Шымкент қаласындағы «Бәйдібек би-Арғынбеков» үшдеңгейлі жолайрығы кезең-кезеңмен ашылуда

Oinet.kz 28-07-2023 226

Шымкент қаласында жол құрылысы мен инфрақұрылым тарту құрылыс жұмыстары қатар жүргізіліп келеді. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары кестеден бұрын аяқталған жол бөліктері пайдалануға берілуде.

Screenshot_17.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда жол саласында Бәйдібек би-Арғынбеков күре жолы қиылысындағы үш деңгейлі жолайрықтың құрылыс жұмысы қазір қарқынды жүргізіліп жатыр екен.

Жолайрық салу барысында графиктік кестенің сәйкестігі мен сапасын қала билігі тұрақты қадағалап, бақылап отыр. Құрылыс нысандарын аралау кезінде де қала әкімі Мұрат Әйтенов осы кестеге жүгіну арқылы құрылыс жұмысының барысын зерделеп отырады. Қала басшысы Бәйдібек би-Арғынбеков күре жолы қиылысындағы құрылыс нысанын аралап шыққан соң, Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерге қатысты нақты ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысанның жұмыстарын атқару кезінде сапаға деген жауапкершілік ең маңызды екенін ескерткен болатын.  

- Бүгінгі таңда жол құрылысы саласына бар басымдық беріліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында да осы ... жалпы естеріңізде болса жолдың осы бөлігінде, атап айтсақ, 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жолайрықтың Арғынбеков көшесіндегі тұсы ашылған болатын. Одан кейін 10 шілде күні Арғынбеков көшесінен келе жатқан көлік ағынына, сондай-ақ Бәйдібек би даңғылына түсетін оң жақ өткелдің көлік қозғалысына жол ашылды. Құрылыс жұмыстарын осылай ыңғайластыра отырып, көлік кептелісін азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы мұндағы жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын түгел қамту осы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Шымкентте қалалық әкімдікке қарасты басқармаларда сыбайластық бойынша ішкі талдау жүргізілді
Шымкент қаласында 50 қайта өңдеуші кәсіпорын жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу