Шымкент қаласындағы Қызылсай тұрғын алқабында теміржол асты өткелі салынуда

Oinet.kz 24-07-2023 273

Шымкент қаласында жол құрылысы мәселелері ретімен шешімін тауып келеді. Жалпы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабында да жолға қатысты мәселе жоқ емес.

Screenshot_9.jpg

Жол мәселесін аталған тұрғын алқаптың халқы қала әкімімен болған есепті кездесулерде көптен бері көтеріп келген еді. Нәтижесінде халықтың тарапынан көтерілген жол қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қызылсай тұрғын алабындағы жол құрылысына барып, мұндағы жұмыстың жай-күйімен танысты. Бүгінгі таңда салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жер жұмыстары және инженерлік желілерді қайта орнату іске асырылуда. Құрылыс басында алқап тұрғындарымен кездескен қала әкімі шаһар аумағында атқарылып жатқан жол құрылысы жұмысының барысымен таныстырып өтті.

- Өздеріңіз жақсы білесіздер. Бүгінгі таңда жол құрылысы жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды назардан тыс қалдырған емес. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Жол күре тамыр. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Бүгінгі таңда қала аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальтбетон жабындысы бар жолдың ұзындығы 2189,5 шақырым. Ал 935,6 шақырым жолға шағал тас төселсе, 122,5 шақырымы топырақ жол. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1 пайызды құрайды, - дейді қала әкімі.

Қала әкімімен құрылыс басында кездескен алқап тұрғындары, өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, оның жұмысын сапалы атқарылып жатқанын жеткізді. 

- Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр. Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық»– дейді тұрғындар.

Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.

Шымкент қаласындағы «Аймар құс» құс фабрикасы 72 миллион жұмыртқа өндіруге ниетті
Шымкент қаласында «Іскер қала» жобасы аясында 215 жоба іске асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу