Шымкент қаласында әйелдер құқығын қорғау жайы сөз болды

Oinet.kz 23-07-2023 410

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары «Ана – әлемнің бар асылы» атты іс-шарасын ұйымдастырды.

Screenshot_7.jpg

Қаладағы №12 емханада өткен жиынға Сайрам тұрғын алабының 35 жасқа дейінгі нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері бас қосты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының маманы Айжан Молдабаеваның айтуынша, аталған іс-шарада елімізде жүргізіліп жатқан гендерлік саясат – әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелер қаралыпты.   

– Қаламыздың шалғай шағын аудандарында тұратын аналармен байланыс орнатып, кездесу ұйымдастырудамыз. Іс-шараның мақсаты – еңбекші әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау. Аталған жоба алдағы уақытта шалғайда орналасқан өзге де емханаларда тұрғындармен бірлесіп өтетін болады, – дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының маманы Айжан Молдабаева. 

Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер түрлі сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды. Жиын қорытындылаған Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы: «2022 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достығы елдері бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы зорлық-зомбылық көрсетуден бірінші орында тұр екен. Бұл өте ұят нәрсе. Бұған себеп- әйелдер өз құқықтарын және кімнен көмек сұрарын білмейді. Осындайда біздің ұйымдастырып отырған іс-шарамыз әйелдердің оянуына түрті болады деп сенемін», - деді.

Дәл осындай жиын бұдан кейін Жаңаталап тұрғын алабында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» өкілдері және №9 Шымкент қалалық емхананың ұйымдастыруымен «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» атты тақырыпта өтті. Оған Жаңаталап тұрғын алабының аналары қатысып, өзара пікір алмасты.  

– Шалғай аймақта тұратын аналармен байланыс орнатып, кездесу ұйымдастырудамыз. Мұндай кездесулердің мақсаты, қиын жағдайға түскен аналарды қолдау, үйде отырып қалған көп балалы аналарды жұмысқа, кәсіпке баулу, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау, – дейді «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының» маманы Айжан Молдабаева.

Шымкент қаласында жаңа оқу жылында бірнеше мектеп есігін айқара ашпақ
Шымкент қаласындағы «Аймар құс» құс фабрикасы 72 миллион жұмыртқа өндіруге ниетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу