Шымкент қаласы қолайлы бизнес жүргізу орталығына айналуда

Oinet.kz 21-07-2023 258

Шымкент қаласында соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 миллиард теңгеден 937 миллиард теңгеге артқан. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһарда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өскен.

Screenshot_4.jpg

Ал қала бюджеті 5 жылда 4 есе көбейіп, 146 милиардтан 642 миллиард теңгеге жеткен. Мұның бәрі де кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде болған жетістік деуге негіз бар. 

- Шымкент қаласының мегаполис деген статусқа ие болуы инвесторларға, бизнес өкілдеріне, әсіресе, жас кәсіпкерлерге, жалпы, барлық азаматтарға тың мүмкіндіктер ұсынды. Бүгінгі таңда қаланың экономикасы жылдан жылға дамып, инвестициялық ахуалы жылдан жылға жақсарып келеді. Жергілікті билік бизнестің алдындағы кедергілерді жою және инфрақұрылымды дамыту бойынша барынша нәтижелі жұмыс істеуде. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде Шымкентте еңбек етемін, бизнес жүргіземін, алға басып, табысты боламын деген азаматтарға барлық мүмкіндіктер бар, - дейді қала басшысы. 

Шымкент қаласында көп өзгеріс бар. Әсіресе шетелдік инвесторлардың қалаға инвестиция салуы ондағы экономикалық өндіріс аймақтарының жұмысының жандануына соны серпіліс әкелді. Қазіргі таңда шаһарда Қытай, Түрік, Италия мен басқа да шет елдердің инвесторлары өз инвеситциясын салып, бұрын тоқтап қалған зауыттар мен фабрикалардың қайта жандануына әкеліп отыр. Шымкентке инвестиция құйып, жұмыс істеуге құлшыныс танытқан өзге мемлекеттер де жоқ емес. Бүгінде олардың бірнешеуімен келіссөздер де өткізіліп, екі жақты мемарандумдарға қол қойылуда.  

- Қалада өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, өнеркәсіп саласын алып қарайтын болсақ, жыл сайын қаншама заманауи, инновациялық өнім шығаратын кәсіпорындар, зауыт-фабрикалар ашылып жатыр. Соның бірі біздің компаниямыздың қаржыландыруымен  ашылғалы отырған – «Стандарт» жеке индустриалды аймағы. Шымкент қаласындағы бұрынғы қорғасын зауытының орнында біз ауқымды жобаны қолға алып отырмыз. Ол негізгі екі бағыттан тұрады: біріншісі, осы аймақта жинақталып қалған 4,5 миллион тоннадай өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы мыс, күміс концентратын және мырыш оксидін өндіретін зауыт салдық. Ол зауыт өз қуатында жұмыс істеуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласының бюджеті еселеп арта түскен
Шымкент қаласының жас кәсіпкері 60 адамды жұмыспен қамтып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу