Шымкент қаласында жас кәсіпкер қораптар әлемі ашып, жастарды жұмыспен қамтуда

Oinet.kz 13-07-2023 326

Шымкент қаласында жеке кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде. Әсіресе «Ұлттық жоба» аясында грант алып кәсібін дөңгелетіп отырғандардың да қатары атып келеді. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, қалада кәсіпке бет бұрған жастардың қатары артқан.

Screenshot_4.jpg

- Президентіміз Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта несиеге қол жеткізген, екінші деңгейлі банктердің сүйемелдеуіне ие болған бизнес өкілдері аз емес. Біздің алдыға қойып отырған жоспарларымыз да ауқымды. Барлығы да қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Президентіміз «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңдағы жұмыс барысы да осы бағытта құрылып отыр. Қазіргі таңда елімізден шығатын отандық өнімдерге сұраныс саны артуда. Бұған басты себептердің бірі – жеке кәсіпорындар ашылып, мемлекеттің қолдауының басымдығы, - дейді Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы. 

Бүгінде мегаполисімізде жеке кәсібін бастап, қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген жастардың қатары көбейген. Солардың бірі - «Print Pack» қораптар әлемі өндірісі. Бұл өндірістің негізін қалап, жұмысын жүйелендіріп отырған - Венера Абилдаева. 

- Кәсіп бастау оңай шаруа емес. Оған бар күш жігеріңді салғанда ғана жемісін көресің. Қазір біз өз қораптар әлемі шағын кәсіпорнында түрлі отандық қағаз қораптарды дайындаудаумен айналысамыз. Біз үш бағытта, Тараз, Алматы мен Шымкент қалаларымен жұмыс істейміз. Бізге бұл бизнесті ашуға арқау болған, біріншіден мемлекеттік қолдау, екіншіден, азаматтарды жұмыспен қамту. Қазір бір сауда нүктесінде үш адамнан жұмыс істейді, - дейді кәсіпкер.

Венера Абилдаева бұл кәсіпті осыдан 3 жыл бұрын бастаған. Бүгінде қораптар әлемі Алматы, Тараз қалаларында ашылып, 10-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Шымкент қаласында жеңіл өнеркісіпке ерекше басымдық берілуде
Шымкент қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу