Шымкент қаласында жаңа құрылған мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылды
Шымкент қаласында жаңадан құрылған Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың айтуынша, мекемеге жұмысқа қабылданған 40 адам толығымен кәсіподақ мүшелігіне тартылып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларын біздің кәсіподақ мүшелері үлкен ықыласпен қабылдап, оның бағдарлары мен бағыттарын басшылыққа алып жұмыс істеуде. Президент Жолдаудың негізгі мақсаты – экономика, мемлекеттік басқару және азаматтық институттар қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдар векторын күшейту. Бірінші кезекте инновациялық жобаларды дайындау, жүзеге асыру, ішкі нарықты дамыту мен қамтуға тиімді әсер ететін отандық өндірушілерді қолдау болып табылады. Әсіресе жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын тиімді қолдау экономиканы нығайтады және оны экспортқа тәуелді етпейді. Бұл мақсаттарға жету үшін мемлекет қоғамды және оның санасын одан әрі демократиялық қайта құру жолымен жүруі керек. Жаңа экономикалық курстың жеті негізгі бағыттары заманауи тендецияның транспаренттігін, таңдаушылығын, халықтың құқықтық және экономикалық сауаттылығын, жоғарғы кәсібилігін бейнелейді. Бұл талаптар бізге еліміз бен қоғамды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін әрбір қазақстандық үшін міндетті болуы қажет, - дейді Серік Әуесханов.
Мекемеде өткен жалпы жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Ансар Алдабергенов, тексеру комиссиясының төрағасы болып, Нұржан Рысқұлбек сайланды. Сонымен қатар мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік - еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №120 санды номерімен тіркеуден өтті.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі - мекеменің басшысы Аманжол Рамазановтың және жұмыскерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ансар Алдабергеновтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.