Шымкент әкімінің орынбасары М.Исахов Шымсити шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Oinet.kz 06-07-2023 304

Шымкент қаласында салынып жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары қазір кестеге сай жүргізілуде. Бүгінгі таңда ғимараттың құрылыс жұмыстары 72 пайызға аяқталған. Құрылыс басында болған қала әкімінің орынбасары Мұсахан Исаховтың айтуынша, нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілуі керек екен.  

Screenshot_11.jpg

- Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы Шымсити шағын ауданынында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Конгресс-холл алдағы уақытта қаланың көркіне көрік қана қосып қоймай түрлі деңгейдегі халықаралық іс-шараларды өткізуге зор мүмкіндік беретін болады. Жалпы алғанда бұл орталықтың мақсаты – мегаполис тұрғындарына рухани жігер және мәдени орта сыйлау, жастарды ұлттық қолөнерді баулу және үйрету, - дейді қала әкімінің орынбасары М.Исахов. 

Оның айтуынша, Шымсити шағын ауданынында бой көтерген Конгресс-холл  жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны нысаны болып табылады. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол.

Жаңа нысан екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орналастырылса, одан бөлек, 2066 орындық көрермендер залы жабдықталады. Сондай-ақ, 190 орындық  конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда барлық көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелерді де осы бірінші блоктан көруге болады. 

Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы орналастырылмақ. Екінші блоктың бірінші қабатында қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханасын кездестіресіз. Сонымен қатар, қолөнершілер дайын бұйымдарын қоя алатын көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысу үшін бірінші қабаттағы мультимедиялық кабинет, қазақ ұлттық билеріне арналған үлкен би залы, музыкалық зал, қазақтың дәстүрлі үстел ойындарына арналған кабинет те осы әсем ғимараттың ішінде болмақ. 

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары сол шағын ауданында жаңадан салынып жатқан саябақ құрылысымен танысты. Қазіргі таңда, жер жұмыстары, жасанды көл, су сақтау қоймасы, скейт парк, веложолдардың құрылысы жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары қос нысандағы мердігерлерге сапаға басымдық берілуін ескертті.

Шымкент қаласында алғаш рет «SHYMKENT FEST» жобасы бастау алды
Шымкент қаласында «Жастар тәжірибесі» жобасы өз нәтижесін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу