Шымкент қаласында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

Oinet.kz 30-06-2023 226

Шымкент қаласында бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер бар. Сонымен қатар өсім динамикасы да қалыптасып отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, аталған мерзімде мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  30,4 пайызға артқан. 

Screenshot_50.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын айқындап бергеніндей, бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, олардың арасындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында жүйелі жобалар қолға алынып, соның есебінен негізгі капиталға салынған инвестиция артып отыр. Бүгінгі таңдағы барлық жұмыс барысы да осы бағытта құрылған. Шаһарда жұмыс істеп жатқан индустриалды аймақтармен қатар жаңа құрылып жатқан аймақтардың алдағы уақытта да қала экономикасының өсуіне зор септігі тиеді деген сенім басым, - дейді қала әкімі.   

Президентіміз Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны құрылыс саласы. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Атап айтсақ, қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артқан. 

Шымкент қаласында Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде инвестклимат жақсарып келеді. Жалпы өңірде бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша құрылған жоспарлар талапқа сай жүзеге асырылуда. Бұл жобалар мегаполистің даму жоспарының негізгі бағыттарына айналып отыр.

Мұндағы мақсат – әрбір қалаға қарасты аудан мен елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс бірыңғай индустриаландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, қала халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

Сонымен қатар Президент Жолдауында кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық берілген. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы орынға ие екені белгілі. Соның есебінен шаһардың сауда айналымы да артып отыр. Жалпы бірінші жарты жылдықтағы шаһардың сауда көлемі 7,3 пайызға өскен, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға жоғарылаған.

- Алдымызда үлкен міндеттер мен жобалар тұр. Президент пен Үкімен басшысы тапсырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, қала экономикасының көрсеткіші жыл соңына дейін еселене түседі деген сенім бар, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында 35 субұрқақ іске қосылды
Шымкент қаласындағы Мирас пен Шапағат шағын аудандарында кәріз құбыры тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу