Шымкент қаласында әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндігі артуда

Oinet.kz 24-06-2023 278

Шымкент қаласында бүгінгі таңда мүгедектігі бар азаматтардың қажетті құралдар мен қызметтерге қол жетімдігі мен сапасын арттыру мақсатында қолданысқа енгізілген әлеуметтік қызметтер порталы  өз нәтижесін беруде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қалада 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген болса, жыл басынан бері олардан порталға 30 мыңға жуық өтінім түскен.

Screenshot_21.jpg

Азаматтар арнайы портал арқылы протездік-ортопедиялық көмек құралдарына, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға, мүгедектерге арналған қол арба мен жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне, шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер бере алады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі ең үлкен аса маңызды мәселе халықтың әл ауқатын көтеру екендігін баса айтты. «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту; бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру; сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу», - деп атап өтті Президент. Жалпы, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің  Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу бағытында да түбегейлі оңды өзгерістер орын алуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы елімізде 1 шілдеден бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекс әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндігін арттыра түседі. Қолданба арқылы мүгедектектігі бар адамдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен уақтылы жеткізілмегеніне шағым беруге құқылы. Портал бойынша шешім қабылдайтын жергілікті комиссия өкілеттігіне өтінімді қарастыру, өнім берушіге сапасыз тауарды немесе қызметті көрсеткені үшін өтінімді жолдап, бақылауда ұстау, порталға кіруге шек қою және жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізу құқығы беріледі.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында мүгедектігі бар азаматтарға өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған. Әлеуметтік қызметкерлер қызмет түрлерін қажеттілікке орай шалғай шағынаудандарға арнайы қатынап та көрсетуде.

Шымкент қаласының бас жоспары депутаттар тарапынан қолдау тапты
Шымкент қаласында ретсіз сауда орындары ретке келтірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу