Шымкент қаласында әуежай мен темір жол вокзалы қайта жаңғыртудан өтуде

Oinet.kz 21-06-2023 286

Шымкент қаласында жолаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Атап айтсақ, бүгінгі таңда қалада жеке инвесторлар есебінен әуежайда жаңа жолаушылар терминалы мен темір жол вокзалын қайта жаңғыртылуының құрылыс жұмыстары жүргізуде. 

Screenshot_6.jpg

Жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарына 150 құрылысшы тартылған. Бүгінгі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Қазіргі күні онда жүктік жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, мұндағы жобаның жалпы орындалуы қазір 85 пайызға жеткен. 

- Қала басшылығы тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу  жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артпақ. Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Ал Теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары  қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһардағы халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде екен.   

- Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды.  Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір сағатына 2 мың адамды құрайтын болады. Қайта құрудан кейін вокзал сағат сайын 6 мың адамға дейін қамти алады. Сондай-ақ жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай екі күту залы қарастырылған. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалады, дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Ал инвестор өкілдерінің айтуынша, нысанның құрылыс жұмыстары 5 кезең бойынша жүргізілуде екен. Қазір бірінші, екінші қабаттың демонтаждау жұмыстары басталыпты. Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қалаға сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Шымкент қаласында қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан қос нысан да биыл пайдалануға беріліп, жолаушылар жүктемесін арттыру көзделген. Игі істің игілігін қала тұрғындары мен оның қонақтары көретін күн де алыс емес. 

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қауіпсіздігіне баса мән берілуде
Шымкент қаласында соңғы үш жылда 12 ірі кәсіпорын ашылып, жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу