Шымкент қаласында Оқушылар сарайы ашылды

Oinet.kz 07-06-2023 247

Шымкент Қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан білім нысандары көп. Соның бірі кеше қала күні қарсаңында пайдалануға берілген еді. Ол нысанның ашылуын «Нұрсәт» шағын ауданы тұрғындары көптен күтіп жүрген болатын. 

Screenshot_18.jpg

Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын 500 орындық сәулетті ғимарат балалар шығармашылығын дамытуға жол ашпақ. Ол нысанның ашылуына қатысып, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа алаңды аралап көріп, құрылысшылардың жүргізген құрылыс жұмысымен және абаттандыруымен жан-жақты танысқан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында алдымызға қойып отырған талаптар кезең-кезеңмен қаламызда шешімін тауып келеді. Білім, денсаулық пен өнер мектептерінің бүгінгі жағдайы бұрынғыға қарағанда жақсара түскен. Біз оқушылардың білім алуымен қатар, бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін де бар жағдайды жасаудамыз. Атап айтсам, алдағы 2025-2026 жылдарға дейін қаламызда тағы 3 өнер мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Тұран шағынауданында қазір бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, алдағы уақытта әр ауданда Оқушылар сарайы іске қосылады. Мұндай орталықтар жас буынның шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына жол ашатын болады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Төрт ауысымда жұмыс істейтін ғимаратта бассейн, күрес, жекпе-жек, үстел теннисі ойындарының залдары орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау үйірмелері жұмыс істейді. Ал ғылыми-техникалық секторда 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелері ашылмақ. Музыкалық білім бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сондай-ақ балалар мұнда футболға, баскетбол мен волейболға қатысып, воркаут алаңында дене шынықтыра алады.  

Сән-салтанаты келіскен әсем ғимаратта оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді үйлестіре отырып, қарым-қабылетін дамытуға барлық жағдай жасалған.

Шымкент қаласында №45 мектеп-гимназия жанынан 300 орындық қосымша ғимарат пайдалануға берілді
Шымкент қаласындағы Бозарық шағын ауданында жаңа спорт мектебі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу