Шымкент қаласында жастар төмен пайызбен несие алып, өз кәсіптерін ашуда

Oinet.kz 08-06-2023 233

Шымкент қаласында кәсіпке ден қойған жастардың қатары артып келеді. Мұның барлығы мемлекеттің қолдауы аясында жүзеге асырылуда. Жыл басынан бер қалада 260 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз бизнестерін ашып, кәсіптерін дөңгелетуде. 

Screenshot_4.jpg

- Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық бергені белгілі. Соның аясында жастарға жеңілдетілген несиелер берілуде. Бұл игілікті істер Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында жүзеге асырылып отырғанын айтқым келеді. Яғнй, өңірде жастардың кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жылдық үстемесі 2,5 пайызды құрайтын шағын несиелер «Ұлттық жоба»  аясында жүзеге асырылуда, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін қалған айларда 261 жасқа  шағын несие беру мақсатында республикалық бюджеттен 1 305 миллион теңге қарастырылған. Несие мерзімі – 5 жылды құрайды. Ал мал шаруашылығы бағытында алынған несиенің қайтару мерзімі 7 жыл. Бүгінгі таңда жастар кәсібін жеңілдетілген несиелендіруге қатысты Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қаржы министрлігімен үш жақты кредиттік шарт жасалған.

Бұл несиені кімдер ала алады? атап айтсақ, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтардың алуына мүмкіндік бар. 

- Аталған келісім шарт негізінде бүгінгі күні өңірдегі сенім білдірілген өкіл болып «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен айқындалып отыр. Бүгінгі таңда комиссияның үш отырысы өтті. Онда 63 құжат қаралып, 31 адам комиссияның оң қорытындысын алды. Комиссия отырысы жалғасын табуда. «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамына өтініш берген жастардың дені шаштараз, шағын асхана, сұлулық салонын ашқысы келсе, енді бірі мал мен құс шаруашылығы бағыттарын дамытуға ынталы. Комиссияға келіп түскен өтініштер жіті қаралуда. Жобаға қатысуға ниетті жастар өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін жасаған бизнес-жобаларын қорғауда. Өз жобаларын қорғау арқылы олар оның өміршеңдігін дәлелдейді. Сонымен бірге бір жұмыс орнын ашуы міндеттеледі, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында Қытай инвесторларының көмегімен төрт жоба іске асырылуда
Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтың дамуына Ресейліктер де инвестиция салуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу