Шымкент қаласында екі тоғызқабатты үйдің сейсмикалық тұрақтылығы тексерілді

Oinet.kz 05-06-2023 302

Шымкент қаласы аумағы сейсмоқауіпті аймаққа жатады.  Сондықтан да тұрғындардың қауіпсіздігі алдыңғы орында. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, қазіргі таңда қалада көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Жаңа салынып жатқан биік үйлердің сапасымен қатар қауіпсіздігіне қала билігі барынша басымдық беріп келеді.

Screenshot_30.jpg

- Мемлекет басшысы Жолдауында құрылыс саласына ерекше басымдық беріп отыр. Соның ішінде шағын қалалар мен моноқалалардың инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлінген. Ең бірінші орында сапа. Одан кейін тұрғындарды жайлы, қауіпсіз баспанамен қамту. Қазір қалау аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан ірі панельді 9 қабатты 2 тұрғын үйдің «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс» норматив құжатына сәйкес сейсмикалық тұрақтылығы сынақтан өткізілуде. Сынақ 3 балдық көрсеткіштен басталып, 6 балға дейін жоғарлатылады. 6 балдық көрсеткішпен вибродинамикалык сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді. Сапалы салынған бұл көпқабатты үйлер сынаққа төтеп беретіндігін көрсетті, - дейді басқарма басшысы.  

Жалпы Шымкент қаласының аумағы толығымен 7-8 балдық сейсмоқауіпті аймаққа жатады. Алдағы уақытта басқарма мамандарының қатысуымен аталған үйлер 8 балдық көрсеткішпен сынақтан өткізіліп, тиісті мекемелердің қорытындылары алынады. Қорытынды негізінде осы бағытта салынатын көпқабатты тұрғын үйлердің санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Сәйкесінше бұл жұмыстар нәтижесі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

- Аталған ірі панельді тұрғын үйлердің ерекшеліктері құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін азайтады және зауытта арнайы тенологиямен өндірілген панельдер мен темірбетон бұйымдар арқылы сапалы болуын қамтамасыз етіп, құрылыс жұмыстарына жұмсалатын адами факторларды азайтуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың ең алдымен қауіпсіздігі біз үшін маңызды, - дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.

Шымкент қаласында электронды орындықтар пайда болды
Шымкент қаласының арнайы экономикалық аймағы өндіріс көлемін арттыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу