Шымкент қаласында электронды орындықтар пайда болды
Шымкент қаласында ғылым мен білімге барынша көңіл бөлінуде. Жалпы ғылым саласына жаңа қосылып жатқан жас өнертапқыштар қаланың көркеюі мен гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Жақында жас ғалымдардың жасаған жобалары негізінде қала көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды. Бұл қызықты, әрі креативті жобаны қолға алған Абай кітапханасына қарасты бөлімшілер.
- Бүгінгі таңда қаламызда бұл бағыттағы цифрландыру жұмыстарының жандануына Абай атындағы кітапхананың қосып отырған үлесі зор. Аталған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 және №10 кітапхана ауласында электронды кітаптар сөресі бейнеленген орындықтар қойылды. Бұл орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген. Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 кітапхана мемлекеттік бюджетке қарайды. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №1-ші Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Бір қызығы әр орындыққа ерекше атау берілген. Мәселен, «Оқы. Таны. Талқыла» атты орындыққа Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Өліара», «Оң қол», «Ақиқат» атты шығармалары енгізілсе, «Мәдениеттің мәйегі – кітап» орындығына жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», М.Әбдәкімұлының «Сүлеймен қарақшы», С.Көбеевтің «Қалың мал» романдарын QR код арқылы электронды нұсқасын смарттелефон арқылы оқи алады.
Ал екінші Шымкенттік жас ғалым «Ақылы үй» жобасын ойлап тапқан. Ол Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек. «Ақылды үй» макеті Arduino Uno программасы арқылы автоматтандырылған. «Ақылды үй – адамның көмегінсіз жұмыс істейтін электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Ақылды үй адамдарға қолайлылық пен жарқын өмір сүруге мүмкіндік береді», - дейді жоба жетекшісі Райхан Бердазимқызы.
Шұғыла Сапарбек өзінің ұсынған жобасын былай түсіндіреді: «Ақылды үйге күн панелі мен жел генераторын орнаттым. Күн панелі 180° градусқа күнмен бірге айнала отырып өзіне қуат көзін жинайды. Ал жел генераторы желдің бағытына қарай қалақшалары арқылы қуат көзін жинап үйге жарық беріп отырады. Жинақталған энергия көзі вольтметрде көрсетіп тұрады. Қазіргі уақытта үйдің тоғы 100 пайыз жұмсайтын болса, ақылды үйде орналасқан күн панелі мен жел генераторының көмегімен біз қуат көзінің 30 пайызын үнемдейтін боламыз», -дейді жас ғалым.
Жалпы ақылды үйдің ішінде су датчигі, өрт датчигі және де газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді.
Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді.
Шымкенттік оқушының бұл жұмысы білім сайысына 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанған болатын.