Шымкент қаласында кәріс жүйесі құрылысы жалғасуда

Oinet.kz 05-06-2023 254

Шымкент қаласының бүгінгі таңда тазалығы мен экологиясының жақсаруына барынша көңіл бөлінуде. Қала экологиясын жақсарту мақсатында шаһар аумағындағы шағынаудандарда кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бүгінге дейін қаладағы 81 шағын ауданның 24-і кәріз жүйесімен қамтылған. 

Screenshot_26.jpg

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда кәріз жүйесімен қамту жұмыстары шаһардағы Мирас пен Шапағат-2 шағын аудандарында жүргізілуде. 

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жарықпен және кәріз жүйесімен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Қазіргі таңда қала ішіндегі шағын аудандардағы инфрақұрылым жүйесі құрылыс жұмыстары жоспарлы жүзеге асырылуда. Мирас пен Шапағат-2 шағын аудандарындағы елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, оған 2020 жылы сараптамалық қорытындысы алынған болатын. Қазіргі таңда тиісті мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет  қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда, - дейді басқарма басшысы. 

Мадияр Байымбетов бұл бағыттағы жұмыстар соңғы жылдары жанданып келе жатқанын айтып отыр. Оның айтуынша, жоғарыдағы шағын аудандардан бөлек, биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағын аудандарында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонентті кәріз жүйесіне қосу жоспарлануда екен. Осы құрылыс жұмыстарының атқарылуы барысында қалада тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға арттырылмақ. 

- Мирас пен Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 километр құбыр жүргізіледі. Осыған дейін ондағы жұмыс жұмысының 69 пайызы аяқталған. Құрылыс жұмыстарына 30 құрылысшы мен 7 техника жұмылдырылған. Бұл шағын аудандағы құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған. Нысан 2024 жылы тапсырылатын болады. Жалпы алдағы жылы 12 шағын ауданда, атап айтсақ, КОС-1, Рысқұловтан КОС-1-ге, Забадам КОС-1-ге, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас, Бадам 1-2-ге, Шаңырақ, Айқап, Тұран коллектор, Төлеметов коллектор және Нұртас шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - дейді басқарма басшысы Мадияр Байымбетов.

Шымкент қаласында 15 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу жоспарланған
Шымкент қаласында оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу