Шымкент қаласында құрылыс салуға Вьетнам инвесторлары қызығушылық танытуда

Oinet.kz 02-06-2023 326

Шымкент қаласындағы арнайы экономикалы аймақ жылсанап дамып келеді. Қала аумағындағы өндіріс пен өндіріс ошақтарының көптеп салынуы да шетелдік инвесторларды қатты қызықтырып отырғаны белгілі.

Screenshot_17.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда қалада тұрғын үй салу кешендерінің құрылысын дамытуға Вьетнам инвесторлары да қызығушылық танытуда екен.

- Шымкент қаласында Вьетнам инвесторлары бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды. Біз Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырдық. Олардың ұсыныстарын жан-жақты қарап, бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз, - дейді қала әкімі.

Дегенмен халықаралық қатынастар мәселесінде соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 миллион АҚШ долларын құраған болатын, оны 2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында инвесторлар тарту арқылы халықтың әлеуметтік-экономикасын дамытуға күш салу керектігін, сонымен бірге өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда мегаполис инвестициялық тартымдылық бойынша республикада алдыңғы орында. Былтыр қалаға 1,2 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Ал қазіргі таңда Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде өңір экономикасына қосылар мүмкіндіктері қаралуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында биыл бір миллион 73 шаршыметр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда
Шымкент қаласында жасыл белдеу қалыптасып, қоқыс өңдеу зауыты салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу