Пилоттық жоба жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда

Oinet.kz 20-04-2023 419

Шымкентте құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Нәтижесінде қылмыс саны 2022 жылы (2021 жылмен салыстырғанда) 11 пайызға азайған. 

сайт 73 фото.jpeg

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Полиция қызметкерлері азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жазған өтініштеріне жүйелі түрде талдау жүргізіп, әрбір проблемалық отбасылармен кездесіп, профилактикалық жұмыс атқарып келеді. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі). Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық білім дең¬гейінің және әлеуеметтік-экономика¬лық жағдайдың төмен болуы себепті, сондай-ақ, берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында балалар құрбан немесе зорлық-зомбылыққа шағымдана алмайды. Егер, зардап шеккен адам өзінің қауіпсіздігі немесе балалары¬ның қауіпсіздігі үшін қорқатын болса, балаларды мүмкіндігінше тезірек бұл жағдайдан алып кетуі керек

Бұдан бөлек, 2022 жылы полиция органдарында жұмыстың сервистік моделі енгізілді. Жаңа жүйе тәртіп сақшыларының қолжетімді болуына, ашық әрі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануға мүмкіндік берді. «Сервистік полиция» пилоттық жобасы үш кезеңмен жүзеге асырылды. Жоба алдымен Әл Фараби ауданы аумағына тәжірибе ретінде енгізіліп, нәтижелі жұмыс көрсетті. Аудан тұрғындарынан қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алынған ұсыныстар қорытындыланып, бірқатар мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Халық арасында қауіпсіздіктің кейбір мәселелеріне қатысты сауалнамалар жүргізілді (сауалнамадан өткен халық саны - 3005). 

Осындай ауқымды жоба нәтижесінде жергілікті атқарушы орган тарапынан шұғыл шешілуді қажет ететінін атап айтқанда, бейнебақылау камерасын орнату, жарықтандыру, жасанды жол кедергілерін орнату, қылмыс көп орын алатын қараусыз қалған аумақта жаяу патрульдік полиция қызметкерлерін қою бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.


Бизнес идеялар мемлекет тарапынан қолдауға ие болады
Полиция моделі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу