Жас инженерлер халықаралық байқауда жеңімпаз болды
Қазіргі өркениет дамыған заманда робото техника саласы қарқынды даму үстінде.
Шымкенттік жастардың да ІТ саласы мен робото техниканы меңгеруге құлшыныстары артқан.
Оған дәлел қараша айында өткен Халықаралық «RoboLand-2022» VII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық фестивалінде Шымкент қаласындағы №80 ІТ мектеп-лицейінің командасы шығармашылық бағыты бойынша І-орынды иеленді.
8-сынып оқушысы Есбол н мен 9-сынып оқушысы Жақсылық М өздерінің бұл жетістіктерін еліміздің дамуына қосқан үлесіміз деп бағалайды. Олар болашақта өз білімдерін одан әрі шыңдап, жоғары оқу орындарында білім алуды және кәсіби инженер-робототехник болуды армандатындарын жеткізді.
Мұғалімі Қ.Есенбеков пен робототехника әдіскері М.Байқоңырова шәкірттерінен үлкен үміт күтетіндерін, олардың болашақта жақсы инженер роботетхниктер шығатынына сенімді.