Құтарыстағы мәселелер шешімін табады
Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков Құтарыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында көтерілген 4 мәселесінің орындалуына тоқталып, бір мәселе шешімін тауып, қалғандары бақылауда тұрғанын атап өтті.
Олар Құтарыс және Қызылжар ауылдарынан өтетін облыстық маңызы бар тас жолына жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 дана жасанды жол кедергілері орнатылды. Құтарыс ауылындағы С.Сейфуллин көшесінде табиғи газ құбыры тартылмай қалған тұрғын үйлерге алдағы жылы газ құбыры тартылатын болады. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуде. Нысан 2023 жылға өтпелі. Жайылым жерлерді қайтару бойынша 98 га жер учаскесі қайтарылып, 146 га жер учаскесі сот шешімімен қайтарылмақ. Оймауыт елді мекенінде бұзылған ішкі жолдары мен электр бағаналарын ауыстыру бағытында табиғи газ желілерін салу нысанының құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары 2023 жылға қалып отыр. Сонымен қатар, электр бағаналары инвест жобаға сәйкес ауыстырылады.
Жиын барысында ауыл белсенділері мен тұрғындар көкейінде жүрген бірнеше мәселені алға тартты.
Атап айтқанда, Ақарыс ауылының биі М.Байғараев С.Тәжітаев көшесі бойынан 0,10 га жер учаскесі қарастырылып, жердің нысаналы мақсаты өзгертілуіне байланысты жабық спорт кешенін салуға өтініш жасады. Ауыл әкіміне осы мәселеге қатысты аудан әкімдігіне ұсыныспен шығу тапсырылды. Келесі мәселесіне Ақарыс ауылындағы №31 Бәйдібек атындағы жалпы орта мектебінің қоршауын жаңалауға жобалық-сметалық құны әзірленіп, құжаттары облыстық салалық басқармаға ұсынылғаны туралы айтылды.
Құтарыс ауылының ақсақалы Қ.Төребеков тозығы жеткен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның орнына жаңа ғимаратты салуды сөз етті. «Өзен» қор тарапынан туралы ЖСҚ-ы дайындалып, денсаулық сақтау мекемесі тарапынан «Ұлттық Қор» қаржысы есебінен салынатын құрылыс нысандарының тізіміне енгізу үшін берілген ұсыныс қолдау тапқан. Сондай-ақ, аталған қордың өкілдері пошта ғимаратының шатырын жөндеуге уәдесін берді.
Құтарыс ауылының ақсақалы Ә.Төлегенов С.Сейфуллин көшесі бойындағы газ құбырының құрылысы тұрғын үйлердің үй іргелік учаскесінің төмен жағынан өтуіне байланысты 6 тұрғын үйінің алдынан газ құбырларын өткізіп беруді сұранды. 2023 жылға өтпелі нысан болғандықтан, тиісті жұмыстар жоспарлануда. Ақсақал Құтарыс ауылындағы жайылымның басым бөлігі Арыс өзені бойында орналасқан, қыр жерлердегі жайылым жерлерді де қайтарып беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет алды.
Қызылжар ауылының биі Н.Дүйсебаев Қызылжар ауылында Ақсу өзені бойындағы көпірдің сол жағасында 10 жыл бұрынғы көтерілген бөгеттің 30 метр шамасында жер бөлігі ойылған. Өзен суының арнасы бұрынғы арнасынан көтерілген. Су тасыған кезде ойылған жері опырылып, Ақсу өзені бойындағы көпірге кептелген жағдайда көпірге, жолға және елді мекенді шайып кету қаупі бар болғандықтан, мәселені бақылауға алып, шешіп беруді тілге тиек етті.
Тиісті бөлім басшыларына зерделеу, акт түзіп, тез арада мәселенің шешу жүктелді. Ал, Қызылжар ауылында «Даурен-С» ЖШС-іне тиесілі 70,0 га жайылым жерді қайтару үшін облыстық инспекция мекемесі сотқа жүгінді.
Келесі кезекте сөз алған жеке кәсіпкер Р.Ниязалиев «Өзен» қоры тарапынан ауылдық округінде қолға алынып отырған бірқатар тиімді жобаларымен бөлісті. Нақтылап өткенде, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің аумағындағы стадионды ретке келтіру үшін тиісті мекемелермен байланыстыруды ұсынды. Нысанға ЖСҚ-ы дайындалып, 2023 жылға 357,0 млн. қаржы қарастырылған. Дәрігерлік амбулаториясының стандартқа сай типтік жобалық құжаттамасы рәсімделуде. Құтарыс ауылында сүт өнімдерін тапсыруға болатын және оны таза шикізат, әрі экологиялық өнім ретінде өңдейтін жаңа цех ашу көзделуде.
Ақарыс ауылының тұрғыны М.Төлепбергенов Ақарыс ауылында газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталған, соңғы кезі жауын-шашын салдарынан газ құбырлары тартылған жерлерде ойық-шұңқырлар пайда болуына байланысты көмек көрсетуге басшылардың ықпал етулерін сұранды. Дегеменде, ауыл тұрғындарымен 5-6 ауыр жүк көлігімен тас түсіріліп, асар жолымен тегістелуде.
Құтарыс ауылының биі Ж.Тұрабаев Құтарыс ауылындағы О.Жандосов, С.Сейфуллин және Т.Бокин көшелеріндегі 120-ға жуық абоненті Қалдыбек трансформаторына жалғанған. Бұл трансформатордың күш-қуаты жетпей, электр жарығы жиі сөнуде. Жандосов көшесінде орнатылған жаңа трансформаторға оннан астам абонент қосылған. Жаңа трансформаторға аталған көшелердегі абонентттерді үйлестіріп, реттеп беруді сұрағанына қарай, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвест жоспарға сәйкес бағаналар ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылатыны түсіндірілді. Тозығы жеткен 2 дана электр бағананы ауыстыру үшін ұсыныс енгізілмек. Абай және Амангелді көшелерінің қиылысындағы №5 трансформатор тұрғын үйге өте жақын орналасқан. Осы трансформаторды басқа жерге орналастыру мәселесі айтылды. Одан басқа, Құтарыс ауылындағы ауыз су мұнарасының құлау қаупі туындауына байланысты шаралар қабылданбақ. Мұнара бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Оймауыт ауылының биі Ж.Мамеков оймауыттардың атынан ауылға баратын 5 шақырымдық тас жолын жөндеуден өткізу, бұрын арнайы жер қорындағы 50 гектар жер учаскесін тұрғындарға қайтару мәселесін ды назарға салды. Жол мәселесі бойынша сметалық құжаттары әзірленуде. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптама қорытындысын әзірлеп, қаржы қарастыруға ұсыныс енгізіледі. Аудандық жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің берілу заңдылығына құқықтық баға беру үшін облыстық инспекцияға тиісті хат жолданған.
Құтарыс ауылдық округінің әкімі М.Керімбеков ауыл округінің бюджеті аз болғандықтан, елді мекен көшелерін түнгі жарықтандыру төлеміне қаржы жетіспеуіне байланысты 2023 жылға аудандық бюджеттен трансфертпен 5,0 млн. теңге қаржы қараудың қажеттілігін ұсынды.
Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков округ тұрғындарының ұсыныстары мен сұраныстарын бақылауына алып, нақты жұмыс атқаруды ауыл округінің әкімі және сала басшыларына тапсырды.
Жиналысқа қатысқан құтарыстықтар ризашылықтарын мен ақ бата-тілектерін білдірді.