Діни ағымдардың алдын алу

Oinet.kz 30-10-2022 261

44.jpg

 Шардара ауданында дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ - ның ұйымдастыруымен Шардара ауданы Ұзын ата ауыл округі Ұзын ата жалпы орта мектебінің ұстаздарымен «Діни ағымдардың алдын алу», "Ұлттар достығы татулықтың тал бесігі", - тақырыбында кездесу өтті.  Оған Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Қ. Ілесов, Шардара ауданы Ұзын ата ауыл округі Ұзын ата жалпы орта мектебінің директоры Ә. Туреханова қатысты.

Кездесуде Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров:

- Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар көп. Әсіресе, жастар жағы. Тез елітіп, жылы сөзге тез еріп кететін болғандықтан, солай. Ал бір рет жаңылысып, жаза басқанды қайта қатаруға қосу оңай емес. Жас буынды қауіп - қатерден сақтандырудың бірден - бір жолы алдын алу. Теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан - жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс,-деді.  

Жиында дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең бірінші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан іздеген абзал екендігі айтылды. 

Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Қ. Ілесов:

- Біздің ел шаңырақ сынды. Ұлттар мен ұлыстар көкке көтеріп тұратын уықтары кереге мен уықтың байланысы бекем болмаса шаңырақтың шайқалары сөзсіз Дана халқымыз әрқашан түрлі мәдениетке құрметпен қарап, өзара келісім арқылы ұлттар татулығын сақтай білген. Бір өлкеде тамаша өмір сүріп,тату болуға,жақсы жұмыс істеуге, отбасын құру сияқты адамзат құндылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы жетеді. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке.130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзімізге айғақ,-деп, елдің бірлігінен, тыныштығынан асқан құндылықтың жоқтығына тоқталды. 


Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі.


Кездесу Жуантөбе мен Қыземшекте жалғасты
Отырарда «Алтын күз – 2022» жәрмеңкесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу