Кездесу Жуантөбе мен Қыземшекте жалғасты

Oinet.kz 29-10-2022 274

43.jpg

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков кезекті есеп беру жиынын Қыземшек кенті мен Жуантөбе ауылында жалғастырды. Жиынға аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, бірқатар өндіріс басшыларының өкілдері қатысты. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді баяндады. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтты. Қыземшек кентіндегі спорттық мәдени сауықтыру кешенінде атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен және үш көшеге төселіп жатқан асфальт жолдары аз уақыт ішінде бітіріп, тұрғындар игілігіне берілетінін жеткізді. Жиында тұрғындар тарапынан қойылған бірқатар өтініш-пікірлер тыңдалып, орындау үшін жауапты мекеме, бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді. Кент тұрғындарын қысқы жылу маусымына дайындық барысы туралы сауалдарын қойды. Тиісті мекеме тарапынан жылу қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу маусымына дайын екенін айтып, жауапты мамандарға толық бақылауда ұстауды тапсырды. Аталған жиын Жуантөбе ауыл округінде жалғасты. Ауыл тұрғындары алдыңғы кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер атқарылса бірқатары атқарылып жатқанын айтып, алғыстарын білдірді. Аудан басшысы Қыземшек кентінде орналасқан Қыземшек кенті дәрігерлік амбулаторисы, «Самал» бөбекжай балабақшасында болып, жұмыс барысы мен жылу жүйесін бақылады.

Дәл осындай бақылау жұмыстары Жуантөбе ауыл округінде жалғасты. Жуантөбе дәрігерлік амбулаториясының жылу жүйесімен, Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының құрылысы, "Шолаққорған-су" МКК-на қарасты ауыз су беру мекемесіне барып, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ демеушілігімен ауыл халқын ауыз сумен 24 сағат толық қамтамасыз ету үшін қазылып жатқан ұңғыма құдық жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ,  аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің 2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шу, Тасты ауыл округінде болып, халықпен кездесті. Жиын барысында ауыл округтерінде алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген Ж. Қаламбаев білім ордасы алдындағы жолға - жол кедергісін салу, Шу- Тасты ауылы арасындағы күре жол бойындағы сексеуіл - жол кедергісіне қиындық тудыруы және аталған ауылдарға жаңа жедел жәрдем көлігі қажеттігі секілді бірқатар жұмыстар өз шешімін тапқанын баяндады. Сондай-ақ Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталғандығы және Шу ауылында биылғы жылдың соңына дейін бір көше жарықтандыру іске қосылатынын жеткізді.

Тасты ауыл округінде Қазақстан және Амангелді көшелерін жарықтандыру және жүргіншілер жолы жақын уақытта шешімін табатынын айтты. Аталған жиында алдағы уақытта атқарылар жұмыстар туралы ауыл тұрғындарымен бөлісіп, тұрғындар сауалдарын қойып, аудан әкімі олардың өтініштерін тыңдады. Тасты ауыл округінде тұрғындар, Мәдинет үйі салынып берілсе деген талап тілектерін алға тартты. Аталған мәселе келер жылғы жоспарға енгенін және тиісті сметалық құжаттары дайын екенін жеткізді. 

Аудан басшысы кездесуден соң, Шу ауылындағы фелдьшерлік акушерлік бекеті, Тасты ауыл округіндегі дәрігерлік амбулаториясы, "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасы ғимаратында болып, оның жылу жүйесін қадағалап, ондағы қызметкерлердің жұмысымен танысып, оң бағасын берді.


Мәдениеттің майталмандары алғысқа бөленді
Діни ағымдардың алдын алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу