Мемлекеттік грант-бастапқы капитал
Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал болып табылады. Гранттар қаражаты кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өндірісті жолға қоюға және дамытуға, бизнесі арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жыл санап мемлекеттік көмек алушылар саны артып келеді. Мәселен, 2021 жылы ауданымызда мемлекеттік грант 155 азамат иеленсе, 2022 жылы 173 азамат ие болды. Солардың бірі - Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елді мекенінің тұрғыны Қанат Аянбек Аңсарұлы. Ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қатысып, бизнес жоспарын қорғап, көлік қаптамаларын тігу кәсібін бастады. Жас кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді тапсырыс бойынша жасайды және алдағы уақытта кәсібін кеңейту жоспарда бар.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі